Қарағандыдағы “Абай” шахтасынан жүзден аса жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды

Қаракөз Амантай 08 нояб. 2024 10:56 2020

7 қараша күні сағат 20:29-да Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына шахтада электр қуатының тоқтағаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оқиғаның себебі - "Қарағанды" ЖШС-ның №9 трансформаторлық станциясындағы электр ақауы болған. Сол сәтте кешкі ауысымда жұмыс істеген 155 адам шұғыл түрде жер бетіне шығарылды.

Qarmet АҚ қазіргі уақытта электр қуатының қалпына келтірілгенін және шахтаны қызметкерлердің қауіпсіз түрде жұмысқа оралуына дайындап жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Төтенше жағдайлар және Экология министрлігі шетел инвесторларының алдында қауқарсыз болып отырғанын мәлімдеген еді. 

Депутат 3 қарашада Қарағанды облысындағы 5 кеншінің қазасына байланысты көңіл айтып, шахтадағы қазалы оқиғаларға қатысты ақпаратпен бөлісті.

Төтенше жағдайлар министрінің мәліметіне сүйенсек, Ленин атындағы шахта 1964 жылы пайдалануға беріліп, бірнеше қазалы оқиғалар болған.

1978 жыл – 4 адам қайтыс болған;

1985 жыл – 2 адам қайтыс болған;
1995 жыл – 13 қайтыс болған, 2-еуі жарақат алған;
1998 жыл – 1 адам қайтыс болған;
1999 жыл – 3 адам қайтыс болған, 2-еуі жарақат алған;
2006 жыл – 41 адам қайтыс болған, – деп жазды Жаңбыршин.

Оның айтуынша, жалпы өндірістегі қайғылы жағдайлардың болуына ескі технологиялардың қолданылуы, технологиялық ережелердің бұзылуы, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы немесе бұзылуы, техникалық жабдықтар мен аспаптарды пайдалану ережелерінің бұзылуы және т.б. себеп болады. Бұған қоса депутат шетелдік компаниялардың бірқатар проблемаларына тоқталды.


Рекомендовать
Последние новости