Тоғыз айда банктер ел экономикасын 26,1 трлн теңгеге несиелендіріп, рекорд орнатты

Кәмшат Тілеухан 06 нояб. 2024 16:37 1866

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының 2024 жылдың 9 айындағы еліміздің банк секторына жүргізген экономикалық шолуы жарияланды. Оған сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында банк секторы экономика субъектілеріне рекордтық сомада, яғни 26,1 трлн теңге көлемінде жаңа несиелер ұсынған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ал бұл ЖІӨ-нің 19,4%-ын құрайтын көлем, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (21,3 трлн теңге) аталған көрсеткіш 4,7 трлн теңгеге немесе 22,2%-ға өсті. Бұл арадағы 20%-дан астам өсімді жекелеген (+23,3%) және корпоративтік заемдар (+21,2%) құрайды. Несиелердің біршама үлкен үлесі (50,3%)  кәсіпкерлік субъектілерге тиесілі.  

Банк секторындағы басты құбылыстар

Бизнесті несиелендірудегі елеулі өсім оның барлық сегментінде байқалады: шағын +20,5%, орташа  +16,0%, ірі кәсіпкерлік + 23,6%. Бұл қарыздар бойынша баға және бағаға жатпайтын шарттарды жұмсарту, жаңа онлайн-өнімдердің іске қосылуы, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру (өндірілген өнім, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар көлемі 9,9%-ға, жыл бойындағы алты айда 6,1 %- ға өсті), ШОБ қарыз алушылары үшін бәсекелестіктің күшеюі, сондай-ақ 2023 жылы кейінге қалдырылған сұранысты (ірі бизнесте) қанағаттандыру сынды жағдайларға байланысты мүмкін болды.

Тұтынушылардың жоғары белсенділігі жалақының өсуіне (+10,3%), жаңа клиенттердің тағы да үстемеленуіне (+241 мың 9м24), бөліп төлеу түрінің кең танымалдылығына, маркетингтік акциялардың өткізілуіне, жинақтары бар халықтың төмен үлесіне (31%, жинақ коэффициенті 4,9%-ға дейін төмендеді) байланысты болуы мүмкін.

Базалық сыйақы мөлшерлемесінің байқастап төмендеуі аясында бизнеске арналған кредиттер бойынша баға шарттары біртіндеп жақсарады, бірақ бұл, негізінен орта (-130 б.п.) және ірі бизнеске (-190 б.п.) қатысты сыйақы мөлшерлемелерін төмендету есебінен орындалады. Шағын бизнес үшін несие сыйақысының мөлшерлемелері өсті (+180 б.п.), бірақ олардың түпкілікті құны "Даму" КДҚ субсидиялары мен кепілдіктері есебінен қамсыздандыру сипатында айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Бөлшек сегментте орташа мәндегі ставкаларға пайызсыз бөліп төлеу бойынша жүргізілген маркетингтік акциялар айтарлықтай әсер еткен. Төмендеген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің әсері әлі байқалмайды, мұндай өзгеріс 2024 жылдың тамыз айының соңында енгізілген болатын. Дегенмен, активтердің кірістілігі мен қорландыру жүйесіндегі ставкалардың жалпы төмендеуі аясында ондағы 2022 жылдан бері байқалған өсім тоқтады және төртінші тоқсанда да төмендеуі мүмкін.

Міндеттемелер жүйесі өсімінің драйвері қазақстандықтардың  салымы (өсімнің 67%) болып табылады. Олардың жинағы тартымды жоғары ставкалар, салықтық аударымдардың аз болуы және пайыздарды капиталдандыру есебінен номиналды табыстардың және компаниялардың қаржы нәтижелерінің ұлғаюы аясында өсті.

Бизнестің жалпы дамуы, тұрақты портфельдің сапасы және пайыздық маржа (6,5%) сектордың табысын арттыруға ықпал етті, бұл өз кезегінде оның капиталдандыру деңгейіне оң әсер берді.

 "2024 жылы банктік несиелендіру экономикалық өсімнің жалпы баяулауына қарамастан жоғары және тұрақты болып қалды: 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 4,9%-дан 4%-ға дейін және базалық сыйақы мөлшерлемесі 15,75%-дан 14,25%-ға дейін төмендетілді. Бұл, көбінесе банктердегі активтер мен капиталдың 30% өтімділікті қамсыздандырған қорының арқасында мүмкін болды: меншікті капитал — 8,3 трлн теңге, бұл оларға ақша ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыруға және кредиттеудің жоғары қарқынын ұстауға, сондай-ақ салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға және ықтимал тәуекелдерді жабуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті ҚҚҚ сарапшылары.

Бизнеске арналған кредиттер портфелі өсімінің жеделдеуі байқалады: бір жыл бұрынғы 6,6%-дан 7,4%-ға дейін, бірақ қарапайым халыққа ұсынылған қарыздар портфеліндегі өсім баяулады: 18,5%-дан 16,6%-ға дейін. Бұл экономикада тұтынушылық сұранысқа қарағанда инвестициялық сұранысқа көбірек қолдау жасалғанын білдіреді.  

Бизнестің тұрақты өсімі, қаржы нәтижелері мен секторды капиталдандырудың жақсаруы рейтингтік агенттіктердің цифрында да көрініс тапты: жыл басынан бері олар ЕДБ рейтингтерін сегіз рет көтерді; алты ЕДБ болжамдарын жақсарту тұрғысында қайта қарады. Сондай-ақ "жағымды"  болжамды тағы сегіз ЕДБ сақтап қалды, бұл рейтингтердің одан әрі өсу әлеуетінің сақтала беретінін танытуы мүмкін.

"Сектор жинақтар мен инвестицияларды тиімді қайта бөліп қарастыру тұрғысындағы басты функциясынан бөлек, мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінде де маңызды рөл атқара отырып, елдегі инновациялардың драйвері болуда: 2023 жылғы экономикадағы үлесі - 11,2%, жұмыспен қамту — 200 мыңнан астам адам", деп түсіндіреді сарапшылар.

Бұған дейін біз Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі сарапшыларының еліміздің 2025-2027 жылдарына арналған макроэкономикалық көрсеткіштеріне жасаған экономикалық талдауын жариялаған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости