Қарағандыда FinansInvest микроқаржылық ұйымы (МҚҰ) лицензиясынан айырылды. Осы сипаттағы бұйрыққа Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдігі басқармасының бастығы 2025 жылы 10 қаңтарда қол қойды, деп жазады Dalanews.kz.
ҚНДРА баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензиядан айыруға ұйымның уәкілетті орган тарапынан келіп түскен жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамау немесе елемеуі түрткі.
МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы алдында жасалған шарттардың талаптарын бұзғаны үшін жауапты болатыны да нақтыланады.
Бұған дейін Қазақстанда микроқаржы омбудсман институты енгізілгені, ол проблемалық шағын несиелердің көбеюіне байланысты сотқа дейін мәселелерді шешуде жеке тұлғаларға тегін қызмет көрсететіні хабарланған.