Қапы қалмаңыздар, жеңіл автонесие бағдарламасы басталды

Dalanews 29 апр. 2022 02:16 1076

Елімізде басталған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына кез келген азамат қатыса алады. Тек төлем қабілетіңіз жетсе болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ҚР Индустрия министрлігі 4 пайызбен бірілетін автонесиенің бірер күнде басталатынын жария етті. Үкімет қаулысы шығып, енді тек «Жасыл дамудың» банктерге ақша аударғанын күтіп отыр екен.

Қазақстандықтардың жаңа көлік алуы үшін 100 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Несие жеті жылға, 10 миллион теңгеге дейін беріледі.

Бірақ қалтаңызда қосымша ақшаңыз болса, 15 миллион теңгеге дейінгі көлік таңдай аласыз. Алғашқы жарна қажет емес. Негізгі талап – автокөлік Қазақстанда құрастырылуы тиіс.

Шетел асып келген немесе мінілген машинаны несиеге ала алмайсыз. Төрт пайызбен көлік алған адам тек екі жылдан кейін ғана бағдарламаға қайта қатыса алады.    


Жеңілдетілген автонесие елімізде 2015 жылдан бастап берліп келеді. Соның арқасында 30 мың отандасымыз темір тұлпар тізгіндеген. Сол кезде көлікке қолы жетпегендер бағын бұл жолы да сынап көре алады.

– Бүкіл әлемде автомобиль тапшылығы байқалуда. Логистикалық тізбек бұзылған. Сондықтан өндірушілер үнемі жұмыс жүргізіп, серіктестерімен қажет бөлшектерді жеткізуге қатысты келіссөз өткізіп жатыр. Соған қарамастан биыл шамамен 109 мың жеңіл автокөлік құрастыру жоспарымызда бар. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 20 пайызға жоғары, – дейді ҚР Индустрия даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков.

 

Рекомендовать
Последние новости