Путинге қарсы шыққан әйгілі рокерлер Ресейге депортациялануы мүмкін

Қаракөз Амантай 31 янв. 2024 12:07 1662


Жақында “Би-2” рок-тобының мүшелері гастрольдік сапар барысында Таиландта ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Иә, бұл шындыққа жанасады. Қазіргі таңда олар Пхукеттегі көші-қон полициясының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Алайда өнер иелері жақын арада елден шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Музыканттар 24 қаңтарда Пхукетте өткізген концерттен кейін қамауға алынған. Ал 28 қаңтарда топтың вконтакте желісіндегі парақшасында оқиғаға байланысты алғашқы мәлімдеме жарияланды. Жазбада олардың тұтқынға алынуына себеп болған “ұйымдастырушылар тарапынан дұрыс рәсімделмеген құжаттар” екені айтылған.


Бұған дейін түрлі ақпарат көзі аталмыш топтың Таиландта жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.

Осы тұста “Би-2” өткен жылы Тайландтың Паттайя және Пхукет қалаларында жергілікті ұйымдастырушылардың қатысуымен әрі қауіпсіздік шараларының барлық талабын сақтай отырып, концерттерінің ресми түрде өткенін атап өтті.



Топ мүшелері қамауға алынғаннан кейін полиция бөлімшесінің камерасында бақылауға алынған. Ал келесі күні музыканттар сот тағайындаған 84 доллар көлемінде айыппұл төлеген. Алайда сот отырысында әншілерде аудармашы болмағандықтан, олар құжаттармен толық таныса алмаған.



Сот отырысынан кейін топты Тайланд көші-қон полициясы ұстады.Өнер иелері Таиландқа ресейлік төлқұжатты пайдалана отырып кіргендіктен, ел билігі музыканттарды Мәскеуге жіберуі мүмкін.


Еске салайық, топтың негізін қалаушы Лева мен Шура - Израиль азаматтары. Екеуі де Украинамен соғысқа ашық түрде қарсылық танытқан. Топтың telegram арнасында олардың Ресей азаматы емес екенін хабарланған болатын.


Таиландтағы Ресей елшілігінің консулдық бөлімі топтың қалған үш мүшесін Таиландтан Ресейге депортациялауға болатынын мәлімдеді. Өйткені олардың басқа азаматтығы жоқ.


“Корольдік иммиграциялық бюроның уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін олардың келісімінсіз депортациялауға болмайды. Егер азамат қайтып келуден бас тартса, онда келісімін бермейінше 5-10 жыл көлемінде сол жақта жүре алады. Біз бұл жағдайда ешнәрсе істей алмаймыз. Тек ресейлік құжаты бар топ мүшелерін Ресейге депортациялану мүмкіндігі бар. Басқа амал жоқ” - дейді Ресей консулдығы.



Ресейлік пропаганданың айтуынша әйгілі әншілерді қатаң жаза күтіп тұр.


"Шетелдік агент" деген статуспен құтылмайды. "Арнайы операцияға" қарсы шыққаны үшін жақсылап сазайын алады. Абақтыға қамалып, ұзақ мерзімге сотталса да таңғалмаймыз", дейді ресейлік БАҚ.



 



Рекомендовать
Последние новости