Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Кремль хабарлады.
"Ново-Огаревода Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті", – делінген Кремльдің сайтында.
Жаңалық жұма, 13 желтоқсан күні сағат 22:00-де жарияланды. Кездесу туралы толық ақпарат берілмеген.
Ново-Огарево – Мәскеу облысындағы Одинцово ауданына қарасты Усово ауылының жанындағы XIX ғасырдағы усадьба.
Бұл – Путиннің мемлекеттік резиденциясы. Ол усадьбада жұмыс кеңестерін және мемлекет басшыларымен кездесулер өткізеді.
Ресейлік «Известия» басылымының мәліметінше, Назарбаев пен Путин сыртқы саясат мәселелерін талқылаған.