ПУТИН – БҰЛ ФЕОДАЛИЗМ

Dalanews 27 июн. 2015 11:29 819

Орыс халқы өз патшасын шексіз, көзсіз сүйетіні, сондай, Путинге қарсы пікір айтқан азаматтар ертесіне-ақ «халық жауына» айналады.  Орыс халқы өз ішіндегі жалғыз оппозиционер Борис Немцовты, шын мәнінде, өз қолымен өлтірді. Бірақ, Немцов жалғыз емес.

Кремльдің саясатына көңілі толмайтын, Путиннің империялық пиғылын айыптап отырғандардың арасында Ресейдің аты аңызға айналған әншілері, режиссерлар, журналистер бар. Солардың «бүгінгі Ресейге» қатысты ой-пікірлерін жинақтап бергенді жөн көрдік. Газетіміз кейбір  ресейшіл, орысшыл көзқарастағы азаматтардың қолына түсе жатса, олардың ойы өзгерер деген үміттеміз...

 

 макаревичАндрей МАКАРЕВИЧ, орыстың мәдени қайраткері, әнші:

 БРЕЖНЕВ ДӘУІРІНЕ ОРАЛДЫҚ

– Маған Кремльдің ақпараттық арбауына түсе қоймаған жастар мынадай сұрақ қояды: «Идеологиялық тұрғыдан алғанда қазіргі кезең (бүгінгі Ресей) Брежневтің кезіндегі дәуірге ұқсай ма?» дейді олар.

Бұған біржақты жауап жоқ. Бірақ, ұқсаңқырайды... Дегенмен, екі өзгешелігі бар. Білесіздер ме?

Бірінші, ол тұстары бізді былай деп дуалайтын: «Америкалық империалистер әлемдік соғыс ашқысы келеді, әлемді жаулап алғысы бар. Бірақ, қарапайым американдық қара жұмысшы, жұмысшы тап – бұған қарсы. Міне, бұлар біздің – достарымыз болады». Қазір осы доспейілді жұмысшы тап туралы ұрандауды ұмытып кеткен сияқты.

Екіншісі, сол заманның риторикасы санамда сақталып қалды. «Біз кез келген уақытта Америкаға қарсы ядролық соққы жасайтын әлуетіміз бар» дейтін Брежнев. Қазір «қарсы соққы» деген сөз мүлде айтылмайды...

Кей кездері Кремль Америкадан үлгі алған болады. Күлкім келеді. АҚШ-пен теңескің келсе, ендеше, ең алдымен  – сайлауды әділ, сотты тәуелсіз, жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жоғары ет. Бұл биліктің қолынан келе ме?!

 

YUriy-SHevchukЮрий ШЕВЧУК, «ДТТ» рок-тобының топбасшысы, рок-әнші:

ПУТИН – БҰЛ ФЕОДАЛИЗМ

– Бүгінгі феодалды билікке сенбеймін, сүймеймін және қабылдамаймын. Бүкіл «путиндер» – бұл феодализм, феодалдық қарым-қатынастың «құлдары». Бұлар мен халықтың арасындағы алшақтық жер мен көктей.

Мен үшін Ресей дегеніміз – Путин емес. Ресей дегеніміз – Президент емес. Ресей мен үшін – алып мемлекет.

Саясат келеді, кетеді. Сол себепті де Путин мен үшін жай ғана менеджер. Болды.

Мен үшін Путин, бүгінгі билік сакральды немесе қасиетті, тіл тигізуге болмайтын ұғым емес.

Мен Ресейдегі биліктің ауысқанын қалаймын.

Ресейде бәрі болды. Монархия, коммунизмнен де өттік. Бәрін өткердік.Тек билік ауысқан жоқ. Ендеше, неге ауыстырып көрмеске?

Путинді орнынан алу керек. Басқа біреуді тағайындайық, қалай басқарады екен, көрелік. Күлкі емес, бұл қажет дүние.

Егер адам ертең өзін халықтың сайламай қоярын білсе, ендеше, билікке, мемлекетке деген көзқарасы өзгереді. Халық үшін қызмет етеді.

Путин бүгінгі Ресейдің болашағын жалғыз өзі жұлмалап, ішіп-жеп жатыр. Осының кесірінен бізде болашақ болмайды. Ол бір күнмен өмір сүреді. Путин Ресей емес, Ресей бір күнмен өмір сүрмеуге тиіс.

 

oplivИгорь ВИТТЕЛЬ, ресейлік «РБК» телеарнасының жүргізушісі, танымал журналист:

 ТРАГЕДИЯҒА ТАҚАП КЕЛЕМІЗ

– Біздің экономикамыз құрдымда. Қазақстан экономикасы да оңып тұрған жоқ. «Қазақстан мен Ресей бірігеді және бәрі жақсы болады» дегенде, мені ақымақ қылып тұрғанын іштей сеземін.

Мен Ресей үшін жанымды беремін. Ресейдің патриотымын. Бірақ, қазіргі күнгі мемлекеттің саясаты мен экономикасына қарасам жүрегім ауырады. Бұл трагедиялық жағдай, біз соған тақап келеміз. Және бұл біз үшін әсте жақсы аяқталмайды.

Қазір біздің жалғыз одақтасымыз қалды. Ол – Қазақстан. Бұл жақсы ма, жаман ба? Шынымды айтсам, өзіміз құлап бара жатқан құрдымға Қазақстанды да ала кеткенімізді қаламаймын.

Біз қазіргі проблемалардың артында не тұрғанын, олардың салдары қандай боларын білмейміз. Меніңше, биліктің жоспары жоқ немесе біз бұл туралы білмейміз.

Мен үшін ең қорқынышты нәрсе – Ресейдің қайда және қалай қарай бет алғанын мына біз емес, биліктің өзі білмейтін сияқты.

 

сокуровАлександр СОКУРОВ, орыстың халық әртісі, кинорежиссер, (Сокуровтың 2008 жылғы пікірі) :

 РЕСЕЙДЕ ГЕОСАЯСАТ ЖОҚ

– Ресейдің геосаясаты – елдің ішкі саясаты. Бізде бәрі де ішкі саясатпен байланысты.

Кемшілігіміз – мәдениетте. Ол жоқ. Өндіріс, идеология, бюрократия, армияның жұмысын мәдениетке негіздеу керек еді. Орыс халқы өз мәдениетін түзетпей, ешқашан өзгермейді. Мұнай өндіруді арттыру, кәсіпорынды көбейту мұның бәрі – бос сөз, абсурдтық заттар. Бұл мемлекет үшін емес, тіпті халық үшін де емес.

Ресейдің болашағына қауіппен қараймын. Өйткені, мәдениеттің мәселесі шешілген жоқ, шешілетін түрі де жоқ.

Бізді үлкен қантөгістер күтіп тұр. Алда Украинамен аса ауыр соғыс болады. Қазақстанмен қақтығыстан да қаша алмаймыз. Биліктің болашақта туындауы мүмкін осындай тәуекелдердің алдын-алатын түрі жоқ. Бір жыл ма, екі жыл ма, бәлкім 5 жылдан кейін болар... Қақтығыс, қантөгіс кез келген уақытта бұрқ ете қалуы мүмкін.

Қапқаз мәселесі шешілген жоқ. Бұл мәселе жыл өткен сайын асқына, өткірлене түседі. Ертең қапқаз халқы мен орыстардың арасында гуманитарлық дағдарыс туындайды. Қапқаз соғысындағы Ресейдің позициясы, бұл аймақты экспанциялаудың құны ауыр болады.

Сайып келгенде біз жан-жағымызды қоршаған қақтығыс аймағында тұрмыз. Еуропамен арадағы байланыс ешқашан жақсармайтынын түсіну керек. Сол себепті Солтүстік Атлантикалық блок алға жылжи береді.

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ


c675d880aa06fae92ae1427a0c5Редакция атынан: Соңғы пікір, орыс режиссері Александр Сокуровтың осыдан 6 жыл бұрын айтқан сөзі айдай келді. Режиссер Украина мен Ресейдің арасында үлкен қантөгіс болатынын 2008 жылы айтыпты. Қауіптісі, мұндай байлам Қапқазбен қатар, Қазақстан туралы да айтылады...

 

Рекомендовать
Последние новости