Параның орнына көң алған әкім жазаға тартылды

Dalanews 15 авг. 2017 03:51 1630

Атырау облысында ауыл әкімі кәсіпкерге жер телімін беруге рұқсат бергені үшін пара ретінде көң алып ұсталды.



Ақсау ауылдық окургінің әкімі Досқалиев кәсіпкердің үй салу үшін жер теліміне қол қойғаны үшін 350 қап көң алып, ұсталған. Өз қызметін асыра пайдаланған ауыл әкіміне сот орындары 6,2 млн. теңге айыппұл салып, өмір бойы мемлекеттік қызметте істемеу турасында жаза кесті.

«Әкім жер сұрап келген кәсіпкердің көң сату ісімен айналасатын біліп, жер телімін алу туралы рұқсат қағазға қол қою үшін 300 қап көң талап еткен. Кейіннен қосымша құжаттарды реттеу мәселесі туындағанда әкім бұл «қызметіне» 50 қап көң сұраған. Осылайша әкім ақшаға шаққанда 206 750 теңгенің көңін пара ретінде алған», – дейді соттың баспасөз қызметі.

 

https://dalanews.kz/28712

Рекомендовать
Последние новости