«Бұл не сұмдық?» Нұрлан Әлімжан таңқалды.

Dalanews 15 авг. 2017 03:30 1246

Актер әрі әнші Нұрлан Әлімжан Астана әуежайы автотұрағына 2 күнге 102 мың теңге төлегенін айтып, наразылығын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

– Екі күн Астана әуежайының тұрағында тұрған бір жеңіл автокөлікке 102 мың теңге сұрап тұр. Алдында осындай жағдайлар болып жатыр дегенде сенбегем… Ал қазір өз-көзіммен көріп, аң-таң болдым. Бұл не сұмдық? Бұлар бағаны қайдан алады? – дейді Нұрлан Әлімжан.

Еске сала кетейік, бұған дейін боксшы Серік Сәпиев көлігін тұраққа бір тәулікке қойғаны үшін 33400 теңге төлегенін айтып, Астана әкіміне шағымын айтқан еді.

Рекомендовать
Последние новости