Жұбаныш Жексенұлы Қайрат Нұртасқа неге өкпелі?

Dalanews 15 авг. 2017 05:50 1228

Аға буын өнердегі інілерінің таланттарына тәнті болғанымен, талғамдарына сүйсіне алмайды. Мысалы, Жұбаныш Жексенұлы Қайрат Нұртасқа ақыл айтып, сол пікірімен оған жақпай қалған. Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасы хабарлады.


– Қайрат Нұртасқа «халықтың осы махаббатын пайдаланып, әндеріңнің сөзін түзетіп, мықты ақындар –  Қадыр Мырза Әлидің немесе Аққұштап Бақтыгерееваның сөзіне ән жаздырмайсың ба? Күште емес пе» деп айтқам. Ол мені тыңдады ма, тыңдамады ма, білмеймін. Содан кейін тағы бір өлең айтып жүр қарақалпақтан келген, – деді Жұбаныш Жексен.

Сонымен Қайрат ақыл айтқан ағасын басқаша түсінген болып шықты. Әлде талғамда талас жоқ дегенді алға тартты ма екен?

– Осылай ақыл айтсаң, олар көре алмайды деп ойлап, одан кейін сыртыңнан әңгіме айтып, жау қып жүреді. Сыртыңнан айтқан әңгімені сырттан естисің ғой бәрібір, бірақ ол үшін өшігіп алмайсың. Сосын «Ауырмайды жүрек» деген 100% хит ән, оны Қайрат Нұртас айтса да, басқа біреу айтса да, хит болатын ән, материалдың өзі сондай, – деп түйіндеді сөзін Жұбаныш.

 

Дереккөзі: stan.kz

 

https://dalanews.kz/27084

Рекомендовать
Последние новости