Туроператорлар Есімовтен EXPO-2017 көрмесін қарашаға дейін созуды сұрады

Dalanews 15 авг. 2017 10:51 963

Қазақстанның туроператорлары "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовтен көрменің уақытын созуды сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



Петиция авторларының айтуынша, туроператорлар мен туристік қоғамдастықтарда алғаш рет ішкі және сыртқы туризмнің арқасында жақсы табыс табуға мүмкіндік туды.
– Қысқа уақыт ішінде жұмыс орындарының саны өсіп, жақсы табыс таптық. Компаниялар жұмысқа 10 адамнан 200 адамға дейін қабылдап жатыр. Бүгінде EXPO-2017 көрмесін тек қысқа мерзімге созу мәселесі тұр. (...) Құрметті Ахметжан Смағұлұлы, туристік қоғамдастықтың атынан Сізден ҚР Президенті мен Халықаралық көрмелер бюросынан көрмені 1 қарашаға дейін созу мәселесін қарастыруды ұсынып көруіңізді сұраймыз, – делінген Ахметжан Есімовке жазылған үндеуде.

Петиция авторларының айтуынша, бұл қызмет көрсету және туризм саласына дамуға көмегін тигізеді. Айта кетейік, петицияға қол қойғандардың ішінде Қазақстанның туризм ассоциациясының өкілдері, қонақүй бизнесінің өкілдері, сондай-ақ, туристік компаниялар мен мейрамханалардың өкілдері бар.

Өз кезегінде "Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов көрменің уақытын созу мәселесінің қиын екенін айтты.
– Біріншіден, Халықаралық көрмелер бюросы бізге регламент белгіледі. Екіншіден, көрме дегеніміз көрменің қатысушылары деген сөз. Қатысушылардың өз бюджеттері белгіленген. Сондықтан бұл оңай шешілетін мәселе емес, – деп түсіндірді Сергей Куянов.

 

 

https://dalanews.kz/28830

Рекомендовать
Последние новости