Өзбекстанға қарай салынған құпия туннель: бензин ұрлаған түркістандықтарға қатысты сот үкімі шықты

Кәмшат Тілеухан 20 авг. 2025 11:56

Түркістанда аса ірі мөлшерде мұнай өнімдерін (бензинді) Өзбекстанға контрабандалық жолмен тасыған адамдарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Е., И., А., М.-ді және жеке басы анықталмаған Өзбекстан азаматтары Сарыағаш ауданы, Сарқырама ауылында орналасқан қоражай ішінен ұзындығы 375 шаршы метр жер асты құбырын бір бөлігін бұрғылау тәсілімен Өзбекстан аумағына екінші бөлігін жеткізіп, 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айларында нарықтағы орташа бағасы 112 млн 512 мың теңге болатын 420,340 тонна АИ-92 маркалы бензин мұнай өнімін кедендік бақылаудан тыс контрабанда жолымен шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.

"Сот үкімімен қылмыстардың жиынтығы бойынша К.15 жыл мерзімге, И., А., М., және Е. 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Тінту кезінде алынған 3 млн теңге, 16 мың литр АИ-92 маркалы бензин өнімі, ЗИЛ және ГАЗ жүк көліктері мемлекет пайдасына тәркіленді", - дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылы 3 шілдеде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жерасты тоннелі табылған болатын.

Бұған дейін сайтымызда "Рекордтар жаңғыруда". Ресейде бензин бағасы "ұшып тұр" деген мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ бізде "Қазақстан мұнай өнімдері ұрлығынан қанша шығынға ұшырауда?" деген материал да жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости