Отырарда өткен қайырымдылық шарасы

Dalanews 24 июн. 2017 15:53 623

Кеше Отырар ауданындағы «Керемет» ойын-сауық кешенінде аудандық мәслихаттың депутаттары мен ауданымызға белгілі елжанды кәсіпкерлердің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті Рамазан айының әр Жұмасында өтіп келе жатқан шараның келешек ұрпаққа берер тағылымы мен өнегесі мол. Ондағы негізгі мақсат ауыл округтеріндегі аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік және басқа да көмектер беру арқылы оларға нақты қолдау көрсету болып табылады.

Шара барысында Шәуілдір, Қоғам, Арыс, Темір Отырар, Көкмардан ауыл округтеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен 35 отбасына екі аптаға жетерлік азық-түлік өнімдері табысталды. Қасиетті айда сауабы мол қайырымдылық жасап, әр шаңыраққа шаттық сыйлаған аудан депутаттары мен кәсіпкерлеріне ауыл тұрғындары алғысын айтып, ізгі лебіздерін білдірді.

Рекомендовать
Последние новости