Отырар ауданында өткен жиында егін жұмысын ойдағыдай аяқтау тапсырылды

Dalanews 13 июн. 2017 15:59 840

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Әліштің төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында аудан орталығындағы кәріз жүйелерін іске қосу, көктемгі егіс егу жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ Шәуілдір ауылы, жаңа мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы туралы мәселелер қаралды.

Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Құдайбергенов аудан орталығындағы кәріз жүйелерінің іске қосылу барысы туралы айта келе, аудандағы бірқатар мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарына кәріз жүйесі келіп тұрғанын және оны қосу жұмыстары мекемелер тарапынан атқарылуы қажет екендігі туралы жеткізді.

Мұнан соң көктемгі егіс егу жұмыстарын аяқтау туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық баяндама жасады. Бөлім басшысы Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі бағыт ауылшаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығын айта келе, бүгінгі таңда игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмыстарынының барысына тоқталды. Күн тәртібіндегі соңғы мәселелер бойынша баяндаған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек Шәуілдір ауылы, жаңа мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы мен Арыс өзені жағалауын қайта құру жұмыстары туралы сөз етті.

Жиын барысында бөлім басшыларының баяндамасын мұқият тыңдаған Рыскелді Салхутдинұлы аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар беріп, тапсырмалардың орындалуы өз бақылауында болатынын ескертті.

Рекомендовать
Последние новости