Отбасындағы ұлттық құндылықтар ғана мемлекетіміздің ертеңгі тірегі бола алады

Dalanews 23 окт. 2023 05:26 2095

Қазіргі қазақ қоғамында да отбасы институты маңызды рөл атқарады. Өйткені, ол әу бастан, дәстүрлі түрде ұрпақтар арасындағы дәнекер, ата-бабалардан жалғасқан рухани-мәдени мұраның, түрлі ұлттық құндылықтардың сақтаушысы болып келеді. Тәуекелдері мен қиындықтары бар, сонда да қарқынды дамып келе жатқан әлемде отбасы тәрбиесі тұрақтылықтың негізі, сыртқы сынақтар мен ішкі қайшылықтарды жеңуге көмектесетін әрбір адамның ішкі магниті мен өзегі болып саналады.

Біз, бәріміз де бала болдық, сол бір алаңсыз дәуренді бастан өткердік, ал балалардың бойына туғанынан дұрыс көзқарастар мен ұлттық нанымдарды сіңіру, оларды туған тарихымен, тегімен таныстыру, патриоттық рухты сіңіруге мүмкіндік беру өте маңызды. Өйткені, Президентіміз айтқандай, «Отанға деген сүйіспеншілік отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады, ал туған шаңырақтан алған тәрбие – барша халқымыздың салауатты, табысты болашағының кепілі».

Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бұл мәселедегі дәйекті саясаты өзінің тиімділігін көрсетіп-ақ жатыр.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия да отбасы институтын нығайтуда және отбасы құндылықтарын насихаттауда маңызды рөл атқарып келеді. Ұлттық комиссия Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ана мен баланы, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, отбасы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған көптеген бастамалары ретімен жүзеге асып, мұқым ұлтты алға жылжытуда.

Ел өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күнін мерекелеу және отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу және отбасын жақсарту мақсатында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өткізілуі болды. Осы шара барысында неке және отбасы жағдайы да айрықша назарға алынады. Осы іс-шараның арқасында еліміздің ең лайықты отбасыларына салтанатты жағдайда құрмет көрсетілуде.

Бұл кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде тұратын, шаңырақ бақытының қайталанбас тәжірибесіне ие болған әртүрлі жастағы, этникалық ортадағы, кәсіптегі адамдардың есімдерін көпшілікке танытады, үлгі алуға септеседі. Дегенмен, әр лауреаттың өз тарихы бар, ол дегеніңіз қайталанбас әуен сияқты естілетініне қарамастан, біріктіруші мотив іспетті. Олар өз балаларына, немерелеріне және айналасына ұлттық негізге саятын құндылықтар мен тәрбиенің дұрыс жүйесін сіңіреді.


Мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты қолдауда азаматтық қоғамның түрлі институттарына үлкен көңіл бөлінетінін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жас отбасыларға, жалғызбасты аналарға, балаларға, қарттарға жан-жақты көмек көрсету мәселелерімен айналысатын көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Олардың қатарында заманауи үрдістер мен алдыңғы буынның жинақтаған тәжірибесін біріктіретін «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы жұмыс істейді. Өйткені, ұлттың генетикалық кодын алып жүретін жалғыз дүние – отбасы.

Ұрпақтар сабақтастығы мәселесіне терең назар аударатын бұл орталық жастық жігер мен ғасырлар бойы жинақталған даналықты біріктіруге күш салады. Осы екі бағытты дамыта отырып, қазақы болмыс, байырғы білім қоймасын жоймай, ел тарихындағы жаңа белеске өте үйлесімді қадам басқандығын айқын көрсететін көптеген жобаларды әзірлеп, жүзеге асырып жатыр. Жас ұрпақты қолдау және мүмкіндіктердің жаңа көкжиектеріне бағыттау шаралары да көңіл көншітеді

Орталық 2014 жылдың ақпан айында Тәуелсіздік сарайында Астана жұртшылығына таныстырылды. Қоғамдық бірлестік көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырды, оның біріншісі ұлттық дәстүрді паш ету және отандық киім дизайнерлерін танымал ету шаралары болды. Одан кейінгі басқа да жобалар: қазақ тағамдарының ұмытылып бара жатқан рецептерін жаңғырту, ұлттық ойындарды өткізу, халықаралық іс-шаралар мен дөңгелек үстелдерге, көрмелерге қатысу, «Біз некені сақтау үшін!» ерікті коалициясы бастапқы мүдде тұрғысынан шыға білді десек, қателеспейміз.

Орталық жұмысының бірі – кітап пен әдебиет арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттау. Өткен жылы академик Болат Бопайұлының «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ наурызнамасы» кітаптарының тұсауы кесілді. Қазір орыс тіліндегі «Қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті» атты кітап баспаға дайындалуда. Бұл қызықты да тартымды дәстүрлерді ғана емес, ұлттық тағамдардың ұмытылып бара жатқан түрлерін де сипаттайтын көлемді және мазмұнды жинақ. Мысалы, жаужүрек, быламық, қарын бүрме, орама сияқты ұлттық тағамдарымызды паш етеді.

Дана бабаларымыз айтқандай: «Отбасы жоқ адам тамырсыз ағашпен тең». Тамыр жүйесі өсімдікті өзіне қажеттінің бәрімен қоректендіретіні, тұқымды өркенге, өркенді сабаққа айналдыратыны сияқты, өзара түсіністікке, адамгершілік ұстанымдарға негізделген тәрбие, салт-дәстүр сабақтастығына негізделген туыстық байланыстардың кең жүйесі нәзік те тап-таза баланың санасына молынан азық береді, нағыз ұлттық ұстында өсіреді. Бұл өскіннің қандай болуы отбасында пайда болған және сіңірілген эмоционалды азыққа байланысты.


Қазіргі балалар шетелдік фильмдерді, мультфильмдерді көруді, өзге елдің, әсіресе батыстың музыкасын тыңдауды ұнататынын жиі айтамыз. Бірақ балаларымызды отансүйгіштікке, Отанға, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу үшін өзіміз не істей аламыз? Бұл ретте ең алдымен әр адамның өз баласын тәрбиелеудегі жеке жауапкершілігін арттыру керек. Бұл маңызы зор жүкті балабақшаға, мектепке немесе университетке артпау керек. Рухани және адамгершілік құндылықтардың барлық негіздері жастайынан отбасында қаланады.

Біртұтас болашақ елін қалыптастыру – Мемлекет басшысы айтқан «100 нақты қадам» ауқымды реформасының ең маңызды бағыты. Сондықтан әрбір қазақстандық үшін «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесінің мұраттарын, жалпы қазақстандық үй ұлттық идеясын түсіну және сіңіру айрықша салмақты шаруа. Республикада басты құндылық – сан алуандықтағы бірлікті көрсететін қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігінің қалыптасқан моделі жасақталды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында біз басты байлығымыз – тұрақтылық, барлық этностардың теңдігі және толеранттылық екенін түсіндік. Біз Қазақстан халқының бірегей бірлігінің атмосферасын сақтай білуіміз керек, бұған ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерде жинақталған білімі мен даналығы көмектеседі.

Тарихи дәстүрлер негізінде отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу әртүрлі мәдениеттер сабақтастығы мен ұлтаралық келісімді нығайтады.

Нағыз рухани-адамгершілік және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сіңірген отбасы ғана мемлекеттің тірегі болады.

Рекомендовать
Последние новости