"Орнын босатсын". Тоқаев тиіп-қашып жұмыс істейтін шенділерді сөз етті (видео)

Dalanews 01 сент. 2021 08:09 965

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өз жұмысын тыңғылықты атқара алмайтын шенеуніктерден отставкаға кетуді сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының қол алған істеріне күмәнмен қарайтын, жұмысын атқара алмайтын, президенттің тапсырмасын орындаудан жалтарып, мүмкін бұғып-қашып жұмыс істегісі келетін шенеуніктер бар шығар, олардың кез келгені, меніңше, орнын босатуы тиіс деп санаймын.

Біз қазір ел дамуының шешуші кезеңіне аяқ бастық.

Мемлекеттік аппарат біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуге міндетті. Тек осы жағдайда ғана біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз, деп ескертті Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент ең төменгі жалақы көлемін 60 мың теңгеге дейін көтерілетінін мәлімдеген болатын. Ол азық -түлік бағасының өсуі мен Ауғанстандағы жағдайға да тоқталды. Ұлттық геологиялық қызметтің құру туралы да айтылды.

[video width="1280" height="656" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/09/241074577_240851317951130_857598275581824431_n.mp4"][/video]

Рекомендовать
Последние новости