Ордабасы тауында үш бидің ескерткіші орнатылуда

Dalanews 16 мая 2018 15:37 1282

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасы тауының биігіне үш бидің ескерткіші орнатылуда. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты.



Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған жоба аясында үш би ескерткіші мен келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары салынатын болады. Осылайша тарихи аймақ жаңғыртыла отырып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандырылған орынға  айналмақ.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған тарихта түрлі рөл атқарған қасиетті орындарды қолға алып, оны дамыту арқылы келешек ұрпақтың бойына сіңіру және соның аясында отандық туризмді де дамыту қажет. Ал Ордабасы тауы – халық келіп рухани тынығатын, рух жинайтын, ойын тазартатын орын болуы керек. Сондықтанда мұндағы әрбір жұмысқа назар салып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, үш бидің ескерткіші қорықтың ең биік нүктесіне орнатылылатын болады. Нысанның биіктігі 17 метрді құрайды.  Жалпы қорық аумағында жоспарланған жобалау жұмыстары 85,9 гектарды қамтиды. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жол ұзындығы 2415,4 метрді, ал автомобиль жолының ұзындығы  3129,5 метрді құрайтын болады. Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңінде мұнда этноқалашық, музей мен амфитеатр салу жоспарлануда.

Еске салсақ, биыл үш жүздің басын қосқан Ордабасыда түркі тілдес үш елдің басшыларының бас  қосқандарына 25 жыл толады.  1993 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері  осы тарихи орында кездескен еді.



ОҚО әкімнің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/32029

Рекомендовать
Последние новости