Жақсылық Омар: "Спорт әдіскері бұқаралық спортты дамытумен айналысуы тиіс"

Dalanews 16 мая 2018 15:42 1399

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен жиын өтіп, онда өңірдегі спорт саласы әдіскерлерінің қызметі туралы мәселелер талқыланды. Ж.Омардың айтуынша, бүгінгі күні әдіскерлердіңбұқаралық спортты дамытудағы негізгі міндеттерін орындау сапасы жеткілікті деңгейде емес, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



Жиында айтылғандай, Алматы облысында қазіргі кезде 253 спорт әдіскерібар. Оның 65% бұрын спорт саласында жұмыс жасамаған, сонымен қатар кадрлар тұрақсыздығы да байқалады.

2014-2018 жылдары әдіскерлер тарапынан 12 мың спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, оған 540 мыңға жуық адам қатысқан. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл көрсеткішті өте төмен деп бағалап, кейбір нұсқаушылардың 4 жыл ішінде 19-25 спортивтық-бұқаралық шара өткізгенін сынға алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының, аудан, қала әкімдері орынбасарларының есебін тыңдаған Ж. Омар спорт нұсқаушыларының қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесін енгізуді тапсырды.

– Спорт әдіскерлері бұқаралық спортты дамытумен айналысуы керек, олардың басты міндеттері осы. Ортақ нәтиже әрбір нұсқаушының жұмыс сапасына байланысты түзіледі, – дей келе облыс әкімінің орынбасары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына нұсқаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ сәйкес біліміжоқ нұсқаушылар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды міндеттеді.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/35616

Рекомендовать
Последние новости