Облигацияларға инвестиция салу. Бұдан қалай табыс табуға болады?

Dalanews 02 авг. 2023 12:40 1673

Облигация – ақша тартуды қалайтын компания немесе үкімет шығаратын бағалы қағаз. Облигацияны сатып алған кезде сіз эмитентке, яғни бағалы қағаздарды шығаратын ұйымға пайызбен ақша бересіз. Аталған ұйым шартта көрсетілген мерзімге дейін негізгі қарызды сізге қайтарады.

Облигациялар туралы білу қажет ең маңызды ақпарат - қарызды өтеу күні. Эмитент негізгі қарызды өтеуге міндеттеме алған кезде, оны өтеуге дейінгі кірісті білуге тиіс. Белгілі бір уақыт кезеңінде, көп жағдайда жарты жыл көлемінде пайыз төленеді, оның кезеңі бастапқы келісімдерге байланысты өзгереді.

Компаниялар немесе мемлекеттік құрылымдар жаңа жобаларды қаржыландыру, бұрыннан барларын қайта қаржыландыру және жалпы ағымдағы операцияларды қолдау мақсатында қосымша ақша қажет болғанда облигациялар шығарады және сатады.

Облигацияның қандай түрлері бар?


Акциялар сияқты облигациялардың да бірнеше түрлері болады. Олар:

  1. Корпоративтік облигациялар – компаниялар бизнесін дамыту мақсатында шығарған бағалы қағаздар. Сол арқылы жұмыстың өрісін кеңейту немесе корпоративтік шығындарды жабу мақсатында компанияға қосымша қаржы тарту жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік облигациялар – Қаржы министрлігі әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қарызды қайтару сияқты шығындарды өтеу мақсатында шығарған бағалы қағаздар. Оны сатып алған кезде Сіз мемлекетке қарыз бересіз. Оның банкротқа ұшырап, қарызды қайтара алмай қалу мүмкіндігі өте төмен. Сондықтан мұндай бағалы қағаздарға деген сенім өте жоғары.


Номинал1 облигация қарызының көлемі. Егер номиналды шығарылған облигациялардың жалпы санына көбейтсек, эмитенттің қанша ақша қарызға алатынын білуге болады. Егер номинал 1 мың теңге болып, шығарылған облигация саның 100 мың деп есептесек, онда 1 мыңды 100 мыңға көбейтеміз де, барлығы 100 млн шығады. Демек, эмитент 100 млн теңге тартып отыр деген сөз.



Тағы да нақтылап түсіндіретін болсақ, номинал – эмитент инвесторға ұсынған бондтың бастапқы құны. Көп жағдайда, жергілікті нарықта 1 бағалы қағаздың номиналы 1 мың теңгеге тең. Шетелдерде 1 мың доллардан басталып, 100 мың долларға дейін жетеді. Облигациялар биржада сатылған кезде оның бағасы номиналдан жоғары не төмен болып құбылуы мүмкін. Бірақ мерзімі біткенде эмитент инвесторға ақшаны облигацияның номиналды бағасымен қайтарады.

Евробондтар

Евробондтар - борыштық бағалы қағаздар, олардың басты айырмашылығы болып оны эмитент үшін шетел валютасында шығару есептеледі.

Валюта тек еуромен шектелмейді, ол кез келген басқа валюта болуы мүмкін. «Евро-» деген сөз тарихи түрде бекітілген. Демек, сіз шетел валютасына инвестиция салсаңыз, еврооблигациялардың эмитенті боласыз.

 

Облигация арқылы қалай табыс табуға болады?


Облигацияларды сатып алған соң табыс табуыңызға негіз болатын екі тәсіл бар.  Біріншісі – облигацияны сатып алу және сол үшін «купондық кіріс» алу.

Облигация сатып алғаннан кейін инвестордың эмитенттен тұрақты түрде алатын пайыздық төлемі  купон деп аталады. Бұл - тура банктегі депозит сияқты, салған ақшаңыз үшін берілетін пайыздық төлем.

Егер Сіз 100 мың теңгеге инвестиция салсаңыз, купондық мөлшерлеме жылына 19 пайыз болады, яғни 1 жылда 19 мың теңге кіріс көресіз.


Былайша айтқанда купон – сіздің облигацияны сатып алуыңыздың арқасында көретін тұрақты табысыңыз. Әдетте бір жылдағы мөлшерлеме көлемі бірден белгілі болады және келісімде көрсетілген мерзім аралығында өзгермейді. Сонымен қатар тұрақсыз, яғни мөлшерлемесі өзгеріп тұратын да купондар болады.

Екіншіден, егер биржада облигация бағасының өсіп жатқанын көріп отырсаңыз, бағалы қағазды ашық нарықта оны жабатын күнді күтпей, сатып жіберіп, пайда табуыңызға болады.


Сонымен қатар, облигацияны сатып алуға болады, яғни биржадағы баға номиналдан төмен болса, оны жапқан уақытқа дейін ұстап, эмитенттен облигацияның толық бағасын қайтарып алуға болады. Бұл Сіз жеңілдікті пайдалана отырып бағалы қағазды төмендетілген бағамен сатып алып, кейін өз бағасына сатып жібердіңіз деген сөз.

Сізге бағалы қағаздарға инвестиция салуға қажетті  негізгі мәліметтерді білу ғана қажет, қалған жұмысты сіздің брокеріңіз өзі жасайды. Инвестиция құюдағы негізгі қадам - сенімді брокерді таңдау, себебі сіздің қаншалықты  пайда табатыныңыз және жалпы алғанда, қор нарығындағы сауда туралы алғашқы әсеріңіз соған тікелей байланысты болады.

 Облигациялардың жағымды және жағымсыз жақтары


Облигациялар - қор нарығындағы ең қауіпсіз инвестиция. Жалғыз тәуекел дефолт болуы мүмкін, мұндай жағдайды болдырмау үшін эмитенттің несиелік рейтингін алдын ала егжей-тегжейлі зерделеу қажет.



Облигацияларға инвестиция салудағы ең негізгі кемшіліктерінің бірі - пайданың шектелуі болуы.

Акциялардың облигациялардан басты айырмашылығы - күрт, тез және айтарлықтай өсім көрсетуі. Тиісінше, акцияларға инвестиция салсаңыз сіздің табысыңызда шектеу жоқ, ал облигациялар бойынша төлемдерде шектеулер бар.

Облигацияларға инвестиция жасаудың тағы бір кемшілігі - компанияның немесе муниципалды ұйымның дефолтқа ұшырауы.


Егер евробондтар туралы айтатын болсақ, валюта бағамындағы айырмашылыққа байланысты қосымша комиссия алынады. Оның үстіне, еврооблигациялардың негізгі кемшіліктердің бірі - олардың жоғары номиналды құны. Олардың бағасы әдетте 1000 доллардан басталады. Жоғарыда аталған факторлардың барлығы инвестицияның осы түрінің кірісіне әсер етеді.

 Облигацияны қалай сатып алуға болады?


Облигацияларға инвестиция салу үшін сізге нарықта тіркелген брокерлердің бірінен брокерлік шот ашу қажет. Брокерді таңдағаннан кейін шотыңызды толтырасыз. Қаржылық мақсаттарды және ағымдағы мүмкіндіктерді анықтау үшін инвестиция сомасы алдын ала брокер-кеңесшімен келісіледі. Әрі қарай, сіз брокеріңізге сатып алуға тапсырыс бере аласыз, сонымен сауда аяқталады.

Егер сіз бірінші инвестицияңыз үшін идея іздеп жүрсеңіз және неден бастау керегін білмесеңіз, Freedom Broker сарапшылары сізге инвестициялық портфельді дайындап береді.

Бұл портфельде АҚШ қор нарығы компанияларының облигациялары болады. Компаниялар жақсы рейтинг негізінде таңдалады. Инвестициялық кезең 2-3 жыл шамасында болады. Бұл өте қолайлы. Портфельдің кірісі жылына 5,1% шамасында болуы мүмкін.

Бұл компаниялардың облигацияларында белгіленген купондық мөлшерлемелер бар. Төменде компаниялар тізімі берілген:

  • JPMorgan Chase & Co




Америкалық трансұлттық қаржылық конгломерат, әлемдегі ең ірі банктердің бірі. Кәсіпорын қарқынды өсім көрсетіп отыр, сондықтан соңғы бір жылда компанияның кірісі 20,58%-ға, ал таза табысы 67,3%-ға өсті. Өтеуге қатысты кірістілік – 5,93%, өтеу күні 15.12.2025 ж. (бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US46647PDM59)

  • Visa


Төлем операцияларын ұсынатын америкалық трансұлттық компания. Өткен жылғы таза пайданың өсімі - 21,84%. Өтеуге қатысты кірістілік – 4,95%, өтеу күні - 14.12.2025 ж. (бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US92826CAD48)

  • Hyundai Motor Company


Оңтүстік Кореяның автомобиль құрастыратын компаниясы. Елдегі және әлемдегі ең ірі автомобиль құрастырушының бірі

Кіріс – 42,25 трлн – 17,36%

Таза пайда – 15,39%

Өтеуге қатысты кірістілік – 5,73%, өтеу күні - 26.06.2026 ж.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру коды - ISIN US44891CCG69)

  • NVIDIA Corporation


Nvidia — чипте графикалық процессорлар мен жүйелерді әзірлейтін америкалық технологиялық компания.

Таза пайда – 26,27%.

Өтеуге қатысты кірістілік – 4,54%, өтеу күні - 16.09.2026 ж.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US67066GAE44)

  • AbbVie


AbbVie — америкалық биофармакологиялық компания

Таза пайда - 2,02 млрд   - 119,05 %

Өтеуге қатысты кірістілік – 5,07%, өтеу күні - 14.05.2026.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN  US00287YAY59)

  • IBM


Әлемдегі ең ірі аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ IT қызметтері мен консалтингтік қызметтерді көрсететін жеткізушілердің бірі

Таза пайда - 1,58 млрд   - 13,72 %

Өтеуге қатысты кірістілік – 5,03%, өтеу күні - 30.10.2025.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US459200AM34)

  • Microsoft


Әр түрлі есептеу техникасына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету – дербес компьютерлер, ойын құрылғылары, ұялы телефондар және т.б. арналған меншікті бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ең ірі америкалық қоғамдық трансұлттық корпорация.

Таза пайда - 20,08 млрд - 19,96 %

Өтеуге қатысты кірістілік – 4,87%, өтеу күні  - 03.11.2025.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US594918BJ27)

  • Caterpillar


Құрылыс және тау-кен жабдықтарын шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші, америкалық компания. Жер қазатын техника, құрылыс техникасы, дизельдік қозғалтқыштар, энегетика саласына арналған құрылғылар және басқа да өнімдер шығарады.

Таза пайда - 1,94 млрд   - 26,42 %

Өтеуге қатысты кірістілік – 4,83%, өтеу күні - 15.05.2026.

(бағалы қағаздың Халықаралық қауіпсіздік сәйкестендіру нөмірі - ISIN US14913UAA88)

 

Портфель құрылымы


Компаниялар әртүрлі секторлардан – IT, қаржы, фармацевтика, сондай-ақ өнеркәсіп саласынан таңдалды, осылайша сіздің портфель барынша әртараптандырылды және тәуекелі төмен деуге болады.



Бүгінде көптеген адамдар үшін қор нарығына инвестиция салу жеке табыс көзі болып саналады. Көбісі оған негізгі кіріс ретінде назар аударады, ал енді бірі инвестицияны пассивті табыс ретінде қарастырады.

Бұл мәселеде ең бастысы – қаржылық сауаттылық және сенімді брокерді таңдау.


Қаржылық мақсаттарыңыз жеке стратегияңызға сәйкес жүзеге асуы үшін сауатты қадам жасау өте маңызды.

Рекомендовать
Последние новости