Нұрхат Көшімов Binance Kazakhstan-ның бас менеджері болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 13 янв. 2025 14:06 278

Астана халықаралық қаржы орталығының (AFSA) Қаржы қызметтерін реттеу комитеті Нұрхат Көшімовты Binance Қазақстанның бас менеджері болып тағайындалғанын жеткізді, деп жазады Dalanews.kz.

"Нұрхат Binance Kazakhstan-ның дамуы, реттеуші органдармен өзара әрекеттесу, білім беру бастамаларын ілгерілету және цифрлық активтер нарығының тұрақты өсуі үшін серіктестікті нығайтуға жауапты болады", делінген компания ақпаратында.

Binance Kazakhstan-ның жаңа бас менеджері "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты және Кембридждің құқық мамандығы бойынша магистрі болып табылады. Оның кәсіби жолының 20 жылы құқықтық қамтамасыз ету және қаржы саласына арналған. Ол Binance Kazakhstan-ның стратегиялық дамуына, реттеушілермен және Үкіметпен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ елдің цифрлық активтер нарығында инновацияларды ілгерілетуге басымдық беретін болады. 

Бұған дейін сайтымызда "1,5 млн қазақстандық криптовалютаның көлеңкелі нарығында жүр. Ұлттық банк не ұсынады" атты мақала жарияланған болатын. Осы нарыққа қатысты еліміздегі заңнамада реттеуді қажет ететін томпақ тұстар көп. Заң осалдығынан темір тордың арғы жағына тоғытылғандар да қаншама?..

 


Рекомендовать
Последние новости