Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінде ақша жымқырылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Саясат Нұрбектің айтуынша, университеттің экс-ректоры Шигео Катсудың 14 миллиард теңгені жымқырды деген айыптаулары шындыққа жанаспайды. Бұл жөнінде өткен жылы күрделі тексеру жүргізілген.
"Нәтижелері бойынша жеке үлкен жоспар қабылданды. Қазір бұл жағдай бақылауда. Мен Катсу мырзаның мәлімдемесіне толықтай сәйкес келмейтінін айта аламын", – деді Саясат Нұрбек.
Ол Шигео Катсудың министрлікке хабарласпағанын айтты.
"Мұндай ақпараттар негізінен күмәнді еуропалық дереккөздерде жарияланған. Мұны бірде-бір абыройлы басылым жарияламағаны да сұрақ туғызады. Аудит болды, біз оның нәтижелерімен жұмыс істеп жатырмыз. Үлкен беделге қауіп төнбейді деп сенемін, өйткені бұл мәлімдемелердің қай дереккөзге және платформаға жарияланғаны өз алдына күмәнді", - деді министр.