Нұрсұлтан Назарбаев: "Еңбек еткен адам күйзелістен аулақ болады"

Dalanews 28 нояб. 2018 10:28 623

Қазақстанның VIII Азаматтық форумында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жастар арасындағы ажырасу жағдайының жиілеп кеткенін тілге тиек етті. 

«Тағы бір толғандыратын мәселе – ажырасу. 1 млн 500 неке қиылса, ажырасу 25-30%. Неге ажырасадыӨйткені мектепте жоғары сынып оқушыларын осы тақырып бойынша оқытпаймызқарым-қатынас, еркек пен әйелдің есеюіқалай жүкті боладыодан не шығады (…). Психологияны өзгерту керекМектепте жұмыс істеу керекМұның ешқандай да ұяты жоқБәрі адамға тән нәрсеСол үшін осыған мән беріп отырмын«,  деді ол.

Оның сөзінше, мұның бәрі «психологиялық мәселе«.

«Неге ажырасады? Түрлі жағдай боладыбіреу әке-шешесімен сыйыспайдыенді біреулерде баспана жоқ, тағы біреуінің айлығы жетпейдіЕң бастысы – дайын емес жастар отбасын құрудаҚыздар өз рөлін білмейді, ұлдар да мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінбейді.

Егер семьяңды асырай алмасаң, жұмыс істемесеңәлі білім алмаған болсаң, онда ол семьяны құрмай-ақ қоюыңа болады емес пе?


Міне, осыны жастарға кім айтады? Біреу айту керекОсыны мектептен бастау керек«, — деп санайды екен мемлекет басшысы.

Содан кейін президент өмірден түңіліп кеткен қазақстандықтарға өз ақылын қосты.

«Біз өмірімізге жиі шағымданамызанау жетпейді, мынау жетпейді дейміз.

Егер түңіліп бара жатсаң, бар, аурухананың ішіне кіріп шықБолмаса зираттың ішінде жүріп қайт.


Ол жерде жағдайы сенікінен де қиын біреулер жатырБіз – қол-аяғымыз сау бола тұра: «ой, қиын болды» деп жылаймызОлай емесБұл өмірде бәрі мүмкінБасыңды көтер де жұмыс істеМіне, мәселе осында жатырЖастарға осыны үйрету керек"— деді Назарбаев.

Рекомендовать
Последние новости