Нұрсұлтан ағама хат

Dalanews 21 февр. 2017 19:56 1077

Теңіздей аласұрып жүр жаным...
"Мен кейде дəрменсізбін,
жігер сөзін жазуға".
Мурат Сояк, түрік ақыны.


Жақсы адамым-ау!... Аласармас асқар тауым-ау!.. Не істей алам? Жаным, жүрегім, жанарым -дəрменсіз. Сізге жігер бере алмай, сізді қолдай алмағаныма наламын. Өзгесін қайдам, өзімнің өз ісіме көңіл толмады. Жаныңызға бір жаққұт сөзді айта алмағаныма қапамын. Жаныңыз сұңқар құстай -нəзік еді. Таза еді... Жан-жүрегіңіз жара болды-ау... Неге жұрт?! ... Əзіз атыңыз бен жүрекке жеткен шынайы хатыңызды ластап, жұлып тастауға асықты екен?... Сіз мені қиын шағымда, көкірегімнен итермеген жансыз! Қанша қарбаласып жүріп те, маған уақыт таптыңыз. Аға, алдыңызда айыптымын. Жігеріңізді жануға, жаныңыздың жарасын жазуға бір сөз таппадым. Күйсандыққа жармастым. Жөні дұрыс əн де тумады. Бұрын-соңды бұлай болмапты... Жанарыма шық тұнса, ағалап, мейіріміңді сезінуші едім. АУА ЖОҚ СИЯҚТЫ... Досқа-күлкі, дұшпанның табасынан, жауыздың жанға салар жарасынан, көңілдің ауыр наласынан, жаманның жаққан жаласынан құтылсаңыз екен, асыл ағатайым!!!

[caption id="attachment_23873" align="alignright" width="604"] Нұрсұлтан Біләл[/caption]

Қаралау

Авторы: София Марсель

(Аударма Нұрсұлтан Білəл Жанатұлына арналады)

Жазықсыз жазғырғандарға,

Жанымды жандырғандарға,

Жұдырық түймедім жақсысы,

Түсіністік таныттым жаңылғандарға.

***

Қаралау,

Шындыққа қарамау.

Дұшпанның тілімен,

Өсек боп ел аралау.

Қаралау,

Адам деп аямау.

Достарың жүзіңе,

Дос деп қарамау.

Қаралау,

арымды емес-ау,

үмітті жазалау.

Алшақтап кетеді бір сəт,

Арманға толы жағалау.

Қадір қашса қаухарсыз,

Жүрек қалар шарасыз.

Өмір сүріп көрмеппін,

Бітеу жаным жарасыз.

Қаралау,

Көз жасқа қарамау.

Пенделікпен сырт беріп,

Арсыз етігін тағалау.

Қаралау,

Ниеттестікке жарамау,

Жүрек жарам тағы да,

Бір себеппен қанады-ау...

Оның себебі - бос қаралау...

Қаралаңдар ақтығым аян-ақ,

Басымнан таймаса бармақтай бақ,

Мен əлемге дəлелдеймін,

Жанымды, жүрегімді таңдай аппақ.

Қорқаулар тоқтамай əзірге шыным бұл,

Жаға бер, жалаңды еш аянбай жақ.

Əзірше ғана, маңғазым əліңе бақ,

Менің де күнім шығады əлі -ақ.

Сені де өсектейді сол күні-ақ,

Мені жазғырған талай жақ.

Қаралау,

Жақынды ғана бағалау.

Жақсыны ғана жан ұшыра,

Жақсыны ғана жағалау.

Қаралау,

Жел сөзге мəн беріп қарамау.

Қаралау,

Мен сені жүрегімнен жағам-ау...

жағам-ау...

Мейірхан МЕЙРАМБЕКҰЛЫ

 

Рекомендовать
Последние новости