Нұр-Сұлтанда өткен тазалық акциясына 35 мың адам қатысты

Dalanews 21 сент. 2019 16:24 788

21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында «Дүниежүзілік тазалық күні» атты халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясы өтті.

Акцияға волонтерлер, қала тұрғындары, ШОБ қызметкерлері, коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері және т. б. қатысты.

Жалпы алғанда акцияға 35 мыңнан астам адам қатысты.


"Дүниежүзілік тазалық күні" әлеуметтік-экологиялық акциясы аясында саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 4326 ағаш отырғызылды.



Полигонға 170 тонна  қоқыс жиналып шығарылды.

Акция барысында балалар ойын алаңы және спорт алаңдарын абаттандыру және жабдықтау, брусчаткаларды, бордюрлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, рұқсаты жоқ қоқыс тастайтын жерлер жойылды, сыртқы жарнама демонтажы жасалды. Елордада 16 қыркүйек пен 13 қазан аралығында күзгі экологиялық айлық өтеді.

Рекомендовать
Последние новости