Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын-үйлерді аралады

Dalanews 13 сент. 2019 16:17 762

Қала әкімі А. Көлгінов кешкі аралау кезінде проблемалық тұрғын үй комплекстерінің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

ЕКК желісі және "Шығыс" нысаны бойынша инвесторды қаржыландыру ашылды.

"Шығыс" 1В тұрғын үй кешенінде өз пәтерлерін 390 адам күтуде. Әкімнің соңғы тексерісінен кейін объектіде үйді жылумен қамту, шатырды нығайту бойынша жұмыстар жаңартылды, құрылыс материалдары әкелінді; 2 блокта терезе мен есіктерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, кейін құрылыс салушы ішкі әрлеуге кіріседі.

"Қазір 1в-ға 60-қа жуық адам көшіп келді. Электр қосылған. Кіреберістерді дайын болуына қарай инженерлік желілерге жеткізетін боламыз", - деді құрылыс салушы.



"Шығыс" ТК 1А-да коммуникациялармен 5 подъезд жабдықталған. Сыртқы желілер үйге шығарылды. Қазір пәтерлерді алғашқы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, А. Көлгінов "Future home" ТК тұрғындарымен кездесті.

Қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.

Үлескерлердің саны 200-ге жуық адамды құрайды. Қала әкімі А. Көлгінов "Шығыс" ТК нысандарында құрылыс жұмыстары қайта басталғанын атап өтті.

"Әкімдік тарапынан барлық процедуралық жұмыстар орындалды. Енді сізге құрылысты жандандырып, ғимаратты жылыту маусымына дайындап, инженерлік желілерге қосу қажет", - деді А. Көлгінов. Қалада барлығы 51 объект (76 үй). Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Рекомендовать
Последние новости