Назарбаев: "Тапа-тал түсте ақша ұрлауды қалай түсінуге болады, Ақышев өзің айтшы?"

Dalanews 09 февр. 2018 06:41 914

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк башысы Данияр Ақышев президенттен сөз естіді. 


Данияр Ақышев баяндамасында "Дельта банк" пен "РБК" банкіндегі проблемаларға тоқталды.

"Дельта банк" қазір лицензиясынан айырылған, кредиттің 100 пайызға жуығы банк акционерінің бақылауындағы компанияларға тиесілі болған. Банктің есебінде бұл мүлде көрсетілмеген және тек тексеріс кезінде анықталды. Бұл банктің міндеттемелерінің 60 пайызын квазимемлекеттік құрылымдардың шоты құраған. РБК банкінде кредиттердің 90 пайызы банк акцонерлері немесе сонымен байланысты төрт қарыз алушыға берілген", — деді Ақышев.
Осы кезде президент Ақышевті тоқтатып, төрағаның жұмысын сынға алды.

"Қашан біз осы іске нүкте қоямыз? Әблязов бастаған БТА банк бәрінің көз алдында мемлекет пен халықтың ақшасын жаппай ұрлады. Бүкіл әлем бойынша біз мұны әшкереледік, мемекет ақшасын ұрлау екенін дәлелдедік. Ал қазір не? Банк құрдық, ұлттық компаниялар, адамдар барып жатыр.
Енді осы акционерлер сол жерден ақшаны шығарып жатыр, ал Ұлттық банк болса қарап, сырттан бақылап отыр.

Бұл қалай сонда?", — деді Назарбаев ашуланып,

"Өте дұрыс айтасыз", — деді Ақышев. 

"Не өте дұрыс? Сонда қадағалау органы не үшін қажет? Басқа банктер бойынша да дәл осылай. Қалай ашуланбайсың. "Жаман болады, банкроттықа жол бермеу керек" деп айтамыз. Банкротқа ұшырасын немесе ақшаны қалдырсын. Бұл акционерлер ешқайда да кеткен жоқ қой. Олар ақша жинап, кейін соны алып шығу үшін банк құрды. Тапа-тал түсте ақша ұрлауды қалай түсінуге болады?", — деді президент.

Назарбаев банктің жағдайын, ақша ағымын күні бұрын қарап, бақылауға  мүмкіндік беретін заң жобасын енгізгенін айтты. 
"Бұл проблеманы түбірімен жою үшін. Заң жобасын қарауды тездетуді сұраймын", — деді мемлекет басшысы. 

"Көп рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы", — деді Ақышев.

"Не рахмет? Сен мұны баяғыда-ақ істеуің керек еді", — деп ескерту жасады президент.

Дереккөзsputniknews.kz

 

Рекомендовать
Последние новости