Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды (видео)

Dalanews 01 мар. 2017 10:54 813

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.

https://www.youtube.com/watch?v=RFfIT7yV8NE&feature=youtu.be

Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында "Қазақстан азаматтары" деген сөздің орнына "Әрбір" деген сөзді қою ұсынылған еді.  Кейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына түзетулер жобасы бойынша түсіндірме берген болатын. 

"Бұл жерде "әрқайсысы" деп Қазақстанның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар деп түсінуге тиіспіз. Неге біз еліміздің резиденті емес адамның немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мәселен, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып саналады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, оны Конституциямен сақтандырылуын қамтамасыз етілуі керек", - деп атап өткен еді ол.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Рекомендовать
Последние новости