Жігіттердің қазан асып, шай қайнатқанын қалай түсінеміз?

Dalanews 01 мар. 2017 10:20 1003

Қазір Маңғыстауда садақа, тойларда ошақ басында соқталдай жігіттер от жағып, қазан асып, шай қайнатып, етке нан салып, ошақ басындағы табақтарды, ыдыс-аяқтарды жуып жүреді.

Жаңаөзен мен Қызылтөбедегі садақа тойларға барсаң ет жеп болғаннан кейін, жігіттер табақтағы сорпаны кесемен құйып беріп отырады. Сорпа беру келіндердің шаруасы емес пе?

Қазан, ошаққа ер адамның араласуы қазақтың, Маңғыстаудың салт-дәстүрінде жоқ әдет.

Ер азаматтардың міндетті – малды сойып, жіліктеп қазанға салатындай етіп дайындап, ошақты орнатып, қазанды құрып, суын әкеліп, ағаш отынын жарып берсе болмай ма? Қалған шаруаны келіндер жасамай ма?

Енді ер адамдар әйелдердің қазанын тартып алып жүрмесін.

Сіз не дейсіз ағайын!



 

 

 

 

Жәнібек Қожық «Фейсбуктағы» парақшасынан

Рекомендовать
Последние новости