Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын қалтқысыз атқара алды. Барлық басқа елдермен салыстырғанда біздің нәтижелер - жалпы жаман емес.
Егер Президент Асқар Ұзақпайұлының кандидатурасын ұсынып жатса, онда мен фракциядан оны қолдауларын сұраймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеті тоқтатылады. 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті.
Маминнің өмірбаяны
Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.
Әйелі – Алтынай Қасымқызы. Балалары – ұлы Данияр мен қызы Динара.
Еңбек өтілі
Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988 жж.);
Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары (1991-1993);
"Интер-Ишим" ҚК бас директоры (1993-1996);
Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);
Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1998-2000);
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002);
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (2000-2001);
"Инком Астана" ЖШС бас директоры (2002-2003);
Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (2003-2004);
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006);
Астана қаласының әкімі (2006-2008);
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016);
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016);
Қазақстан Республикасының премьер-министрі (2019 жылдың ақпанынан қазірге дейін).