Назарбаев Мәжілістегі "Nur Otan" фракциясын басқаруға Нығматулинді ұсынды

Dalanews 14 янв. 2021 09:44 1051

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы парламенттік фракциясының отырсына қатысуда, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Отырыс барысында партия төрағасы партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кнадидатурасын ұсынды.

Бұл туралы twitter-де Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауы өтті.

Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліске үш партия өтті: "Nur Otan", Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы және "Қазақстан Халық партиясы".

Нұрлан Нығматулиннің өмірбаяны


Нұрлан Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Институтты бітіргеннен кейін "Қарағандыоблгаз" өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды.

1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары – "Тенгри" қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті.

1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтар – 2014 жылдың 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі болды.

2014 жылдың 3 сәуірі – 2016 жылдың 21 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы болып бірауыздан сайланды, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2019 жылдың 22 тамызынан "Nur Otan" партиясының мәжілістегі фракциясының басшысы болды.

2016 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы.

Үйленген. Үш баласы, төрт немересі бар.

Рекомендовать
Последние новости