Назарбаев айтса, отставкаға кетемін

Dalanews 03 мар. 2017 07:39 818

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президент шешсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін парламентте өткен отырыстан кейін журналистер министр Ерлан Сағадиевке әлеуметтік желідегі жұрттың оның отставкаға кетуін сұрап жатқанын айтты.

"Мұндай провокациялық сұрақтар қоймаңыздар. Оны шешетін президент. Президент айтса кетемін", — деп жауап берді тілшілердің сұрағына министр.

Айта кетейік, қоғам белсенділері министр Ерлан Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Осыған дейін үштілділік, жоғары оқу орындарында ежелгі қазақ тарихының алынып тасталғаны аздай, енді Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады.

Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдаған. Бірақ министрдің өзі мұны бүгін жоққа шығарды. Ол бұл туралы естімегенін айтып, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады.

Рекомендовать
Последние новости