БАҚ: Польшадағы Қазақстан елшісін қазақша сөйлегені үшін жұмыстан қуған

Dalanews 03 мар. 2017 07:46 991

Апта басында Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оның мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзды деп айыптап, мемлекет басшысынан шара қолдануын сұраған болатын деп жазады Skifnews.kz.

Артынша, президенттің жарлығымен Әбибуллаев елші қызметінен босатылды.
Алайда, Гүлшара Әбдіқалықова мемқызметкер этикасы нақты қалай бұзылғанын сол күйі айтқан жоқ. Яғни, өзінің ұлтжандығымен, сауаттылығымен көзге түсіп үлгерген Алтай Әбибуллаевтың нақты не үшін жұмыстан кеткені халыққа белгісіз.

Ресми өкілдер ашық мәлімдемесе де, сол Сыртқы істер министрлігінің маңайында жүрген "ұзынқұлақтар" мәселенің мән-жайын "сыбырлап" үлгерді.
Естуімізше, Әбибуллаевтың жауапкершілікке тартылуына орысша сөйлемеуі себеп болған.

Тарқатып айтсақ, Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде жасаған екен. Алайда бұған шамданған орыстілді орта баяндаманы орысша жасауын талап еткен. Ал Алтай Ибрагимұлы бұл талапты орындаудан бас тартыпты.

"Әрине, бұл тек сыбыс қана. Мәселенің нақты мән-жайын Қазақстанның билік өкілдері ресми айтып береді деген сенім бар", - деп жазады БАҚ.

Танымал саясаттанушы Расул Жұмалы да Әбибуллаевтың мемқызметкердің этикетін бұзатындай сауатсыз емес екеніне күманданбайды.

"Алтай Әбиболлаев сауатты да мемлекетшіл, қолынан іс келетін елшілердің бірі. Не үшін мансаптан айырды? Себебі неге айтылмайды? Сонысына қарағанда арандату әрекеті сияқты. Кезінде дипломат болғанда менің де артымнан талай арыз жазылған болатын "агашкаларға" бас имегенім үшін. Соған ұқсайды. Қалай болғанда өкінішті жағдай кәсіби мамандардың қудаланып, пәтуәсіз ығай-сығайдың салтанат құрып отырғаны. Керісінше болу керек", - деп жазды саясаттанушы өзінің Facebook парақшасында.

Рекомендовать
Последние новости