Назарбаев 85 жылдық мерейтойын қалай тойламақ?

Сағыныш Сардарова 03 июл. 2025 13:54

6 шілдеде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 85 жасқа толады. Биыл Назарбаев 85 жылдық мерейтойын қалай тойламақ?

Kursiv.Media-ға саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікірін білдірген. Оның сөзінше, қазір халықтың көп бөлігі шілдедегі жалғыз мемлекеттік мерекені Астана күні ғана деп қабылдайды.

"Саясаткер туған күн – оның жеке мерекесі. Мемлекет ісіне ешқандай қатысы жоқ. Халықтың басым бөлігі жалпы саяси жағдайды жақсы түсінеді. Сондықтан олар экс-президенттің туған күнін атап өтпейді деп ойлаймын. Өйткені тұрғындардың дені 6 шілдедегі демалысты Астана күні ретінде қабылдайды", – деп топшылайды Әбішев.

85 жас – көпшілігі "алтын мерейтой" деп атайтын елеулі белес. Посткеңестік елдерде осынау кемеңгер жасқа толған қоғам және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойын мемлекет деңгейінде атап өтетін дәстүр қалыптасқан. 

"Экс-президенттің өзі атап өтетін шығар. Өз күнін тойлауға құқылы. Оның жақын туыстары, сонымен байланысын үзбеген адамдар да туған күн тойлайды. Бұрынғы президенттің саяси бэкграундын, ықпалды тұлға екенін ескерсек – ел ішіндегі, шетелден де танымал тұлғалар туған күн иесін құттықтайтыны анық. Алайда бұл күн мемлекет деңгейінде атап өтілмейді", – дейді Әбішев.

Ал депутат Ермұрат Бапи басылымға берген сұхбатында бұл күн жай ғана зейнеткердің мерейтойы екенін айтыпты.

"Биыл ештеңе болмайды. Үкіметтің Назарбаевтың 85 жасқа толуына қатысты ешқандай ұстанымы жоқ. Қарапайым зейнеткердің мерейтойы ғана. Қарапайым күн. Маған өткен 30 жылда да ешқандай айырмашылығы жоқ кәдімгі күн болған", – дейді 66 жастағы депутат.

Еске салайық, Астана күнін 2008 жылы сол кезде билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бекіткен.


Рекомендовать
Последние новости