Наурызда абайлау керек. Қарашада қайталанады – маман жер сілкінісіне байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 04 мар. 2024 12:52 7354

ХАТУ PhD докторы және Ионосфера институтының жетекші ғылыми қызметкері Марат Нұртас Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты маңызды деректерді бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, бұл жер сілкінісі алдын ала болжанған және магнитудасы да дәл есептелген.  

"Біз тарихи статистикалық деректер арқылы болжаймыз. Яғни, осыған дейін Алматының төңірегінде және Еуразия құрлығында болған барлық жазбаға анализ жасаймыз. Мұны жасанды интеллект, соның ішінде машиналы оқыту әдістері арқылы арасындағы заңдылықтарды тексереміз. Сонымен қатар статистикалық модельдерді қолданамыз. Біздің лаборатория жер сілкінісін алдын ала болжайды. Алайда уақытымен және күнімен болжау қиын. Тек бір апталық болжам жасай аламыз. Мәселен, өткенде 17-нен 24-іне дейін деп болжаған едік. Бірақ магнитудасы бойынша 6 деп есептедік. Бірақ ол кезде 4 балл болған еді. Осы жолғысын да болжадық. Болжам бойынша, магнитудасын 5,4 балл деп дәл есептедік", - дейді Марат Нұртас. 

Маман алматылықтарды алдағы уақытта сақ болуға шақырды. Себебі аталмыш төтенше жағдайдың қайталану қаупі жоғары екенін алға тартады.

"Бұл төтенше жағдайға байланысты халық өте сақ болуы қажет. Себебі бүкіл талдау жасап, арасындағы заңдылықтарды зерттеген кезде жер сілкінісі қауіпті болатын кез наурыз және қараша айлары екені белгілі болды. Деректерді талдауымыз бойынша, осы аралықты жер сілкінісі қауіпті аймақ деп көрсетіп отыр. Сондықтан наурыз айында абай болған жөн", -  деп сөзін қорытындылады ол.

Еске салайық, бүгін ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда Алматы уақытымен 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.


Рекомендовать
Последние новости