Нархоз Университеті CEEMAN IQA халықаралық аккредитациясына ие болды

Dalanews 14 июл. 2016 06:37 879

Нархоз Университеті халықаралық айтулы аккредитациялардың бірін CEEMANIQA (Серпінді қоғамдағы басқаруды дамыту халықаралық ассоцияциясы, Сапаның халықаралық аккредитациясы)  2022 жылға дейінгі аралыққа дейін алып, өзінің білім беру саласында жетекші оқу орынға айналғанын нақты іспен дәлелдеді.  CEEMAN комитеті 2016 жылдың 8 шілде күні өткен отырысыта аккредиттеу туралы шешім қабылдады.

CEEMAN IQA абыройлы халықаралық аккредитациясын алу – әлемдік деңгейдегі университеттердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Аталмыш марапат тек НархозУниверситетінің ғана емес, бүкіл қазақстандық жоғарғы оқудың мойындау болып табылады. Ресми марапаттау рәсімі Таллиндегі (Эстония) CEEMAN Жыл сайынғы 24-ші конференциясында осы жылдың қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.

Аккредитацияға дайындық барысында атқарған жұмыстар  және Аккредитациялық комиссия мүшелерімен Университеттің стратегиясын іске асыру бойынша өткізілген фокус-группаларға қатысқаны үшін Университет басқармасы студенттерге, түлектерге, бизнес-әріптестерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге алғыс білдірді.

Нархоз Университеті миссия мен стратегиялық бағыт, оқу жоспарларын және даму бағдарламаларынәзірлеу, инновациялар, білім беру сапаны бақылау, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылым, қоғамдық дамуына қосқан үлес, корпоративтік коммуникация және халықаралық ынтымақтастық бағыттар бойынша бағаланды.

– 2016 жылы біз Нархоз Университетінің стратегиялық мақсаты – Орталық Азиядағы үздік экономикалық ЖОО болу жолында өте маңызды, нәтижелі қадамдар жасадық. Шын жүректен құттықтаймыз! Атқарылған үлкен жұмыс және Университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз, – деді Нархоз Университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньски.

 

«ҚмД» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости