Мәсімов атқа мінді

Dalanews 14 июл. 2016 06:44 984




Моңғолияға іс-сапармен барған ҚР Премьер-министрі жолай Баян-Өлгий халқымен кездесіп, жақында ғана орын алған селден зардап шеккен тұрғындарға Қазақ елінің бір-екі күннің ішінде қаржылай көмек беретінін айтты - деп хабарлайды BAQ.kz-ке сілтеме жасап, dalanews.kz.


 Осы өңірде іс-сапармен жүрген журналист Марфуға Шапиян өзінің жеке парақшасында былай деп жазып, Үкімет басының кездесуінен суреттер жариялаған екен. Әріптесіміздің суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.


"Жаңа ғана біз тоқтаған "Бай Өлке" қонақүйінің алдындағы алаңда Қазақстаннан келген делегаттар мен жергілікті қазақ халқының кездесуі өтті. Өзіміз теледидардан әрең көретін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовті көріп, қазақша мақалдатып сөйлегенін естіп "шок" болғансың ғой. Жанына Мәдениет министрі мен Денсаулық министрін ертіп алыпты...
Әзіл-әзілмен ғой, бірақ халық шыны керек, кешелі-бері Үкімет басшының келуін кәдімгідей күтті. Оны таң атпастан алаңға жиналып алған халықтың қарасының көптігінен байқауға болады. Әрине, олай болатын жөні бар. Үкімет басшысы 25 жылда бірінші рет бұл жаққа ат басын бұрып тұр. Өлгейлік билік тарапынан балабақша, аурухана салу, Қазақстанға көшіп барған оралмандардың зейнетақысын реттеу, әуе жолын қайта қалпына келтіру мәселелері қозғалды. Ал біз жақ осы бір-екі күнде апаттан зардап шеккендерге берілетін қаржыны аударатынын және жастарға университетке болмашы грант бөлетінін айтты. Енді мемлекет бюджетінен қаншалық қаржы берілетінін білмейміз ғой, бірақ халық осындай көңілі жарым тұста Қазақстанның назар аударып, бірінші боп көмек қолын созып жатқанына, Үкімет басшысының келгеніне кәдімгідей қуанып, бір серпіліп қалған сияқты... Сөйтіп, Үкімет басшыны театрға алып кетті, біз қонақүйімізге қайттық", - дейді журналист.
dalanews karim_masimov

 

dalanews karim_masimov.02

Рекомендовать
Последние новости