"Нарықтағы бағадан арзан". Кентауда 11 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Dalanews 15 дек. 2018 06:55 1069

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы баға мәселесін өзі бақылауға алатынын айтқан болатын.

"Бұл маңызды мәселе. Біз барлық әкімдерге және саудамен айналысатындарға ескерттік. Бағаның өсуіне ешқандай да жол бермеу керек. Әсіресе, Қазақстанда өндіріліп жатқан азық-түлік тауарларына баға өспеуі тиіс. Жағдайда пайдаланып қалу мақсатын көздеп отырғандарға бағаның шарықтатуға жол бермеу маңызды" – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл орайда Кентау қаласында азық-түлік бағасы бақылауға алынып, әкімшілік тарапынан тиісті шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жыл басынан бері 47 рет (әр аптада) өткізілген жәрмеңкеде жергілікті азық-түлік және ауыл шаруашылығы тауарларын сату жұмыстары жүргізілуде.

Өнімдерін жеткізетін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып, өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылуы қадағалануда.

Қала және қалаға қарасты ауылдарда көтерме бағада 19 маңызды әлеуметтік азық-түлік тауарларын ұсынатын 11 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп келеді.(Нан бағасы 60-70 теңге.) Сонымен қатар, қатты отын (негізінен Шұбаркөл көмірі) сататын тұрақты 6 нарық субъектісі бар.

Бұл нысандарға күнделікті бағасы, қалдық қоры бойынша мониторинг жүргізіліп, мәліметі салалық басқармаға жолданып отырады.

Бүгінде нарық бағасы 15000 теңгеден 18000 теңге аралығында қалыптасуда. Бұл көмірдің түріне (Ботақара, Шұбаркөл), тасымалдау нысанына (теміржол, камаз) байланысты болып отыр.

Рекомендовать
Последние новости