«Келесім – Атамекенім»: Келестің қайта құрылуына арналған іс-шара өтті

Dalanews 19 дек. 2018 12:00 853

Келес ауданының қайта құрылуына арналған «Келесім – Атамекенім» атты Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде салтанатты іс-шара өтті.




Қазақстан тарихында өзіндік орны бар Келес даласындағы Келес ауданының араға 21 жыл салып, қайта қалпына келтірілуіне байланысты, аудан ақсақалдары бастамашы болып, өткізілген «Келесім — Атамекенім» атты мәдени мерекелік жиынға Астанадан, Алматыдан, Шымкенттен, Сарыағаштан, Мақтатаралдан, Қазығұрттан, Жетісайдан, Шардарадан қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев аудан тұрғындарымен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың тумасы Батыс Қазақстан облысы әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлының құттықтау хатын оқып берді.

Шара барысында осыдан 800 жылдай бұрын, біздің осы Келес даласынан қоныс аударған Қайы қаңлылардың ұрпағы Кіші Азияда Осман империясын құрып, бүкіл мұсылман әлеміне 600 жыл қорған болған жерлестеріміздің бізбен замандас ұрпағының өкілі, қазіргі Түрік мемлекетіндегі Келес ауданы, Келес қаласының мэры Мехмет Текенің бейне құттықтауы тыңдалды.


Шара барысы Халықаралық, республикалық, облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы ақын, жерлесіміз Жарқынбек Наушабековтің «Келесім-ата мекенім» мерекесіне арнау өлеңін арнап, аудандық мәдениет үйі қызметкерлері тарапынан қонцерттік бағдарламаға ұласты.

Рекомендовать
Последние новости