Мирзияев туған күнінде жаңа резиденцияға көшті

Dalanews 08 авг. 2017 08:40 687



Ташкент облысы Қыбырай ауданы "Байтқорған" ауылында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жаңа резиденциясы салынып жатыр.




 Биік қабырғалармен қоршалған резиденцияның аумағы бірнеше гектарды алып жатыр. "Байтқорған" ауылындағы ондаған үйлер сүрілді, көшелері кеңейтілді, жағалай шырша отырғызылды.

Қыбырай ауданы әкімшілігі шенеуніктерінің сөздеріне қарағанда, резиденцияны президент әкімшілігі салдырып жатыр. Құрылысқа президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ойбек Тұрсынов жетекшілік етеді. Айта кетерлік жайт, Ойбек Тұрсынов өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы. Ол президенттің қызы Саидаға үйленген.

Инженерлердің бірі берген мәлімет бойынша, резиденцияның құрылысы біткен бөлігінің ашылу салтанаты 24 шілдеде - Шавкат Мирзияевтің туған күнінде өтті.


Панорамный снимок резиденции президента Шавката Мирзияева на карте Google.

Панорамный снимок резиденции президента Шавката Мирзияева на карте Google.


"Резиденцияның ішін әрлеуге Аргентинадан әкелінген көгілдір мәрмәр қолданылды, оның бір шаршы метрі 500 доллардан тұрады. Сонымен бірге Swarovski кристалы қолданылды. Ғимарат дизайнның соңғы үлгісімен безендірілді", – деді инженер.

Қыбырай ауданы әкімшілігі қызметкерлерінің сөздеріне қарағанда, резиденция құрылысы үшін сүрілген үйлердің қожайындарына жер телімі бөлініп, оған коттедждер салып береді.

Осы уақытқа дейін Өзбекстанның жаңа президенті өзінің жеке үйінде тұрып келді. Ол Ташкенттегі Шамс көшесінің бойындағы Карасув-2 тұрғын ауданында орналасқан.



Рекомендовать
Последние новости