«Мұратхан Шоқанның мектебі» атты кеш өтті

Марат ТҰРСЫН 16 февр. 2024 12:55 5049

Ақпанның 15-і күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Наурызбай ауданы Отбасылық оқу кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, философ , Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Тұлғалық достық” қоғамдық қорының төрағасы, “Әдебиет әлемі” орталығының жетекшісі, жастардың жанашыры Мұратхан Шоқанның 50 жылдығына орай  “Мұратхан Шоқанның мектебі” атты поэзиялық кеш өтті.

Шараға Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдиновна, С.Көпбаева атындағы 186 жалпы білім беретін мектептің директоры Раушан Тастанбекова, жас қаламгерлер Ұлан Ысқақ; Ернар Тастанұлы; Тұрсынбаева Бақытгүл; Төкен Әйгерім және меценаттар мен оқушылар  қатысты.

“Мен жастармен жұмыс жасап жүрмін, бұл менің күн көрісім үшін емес... Бұл менің атақ-абыройға іңкәрлігімнен емес. Бұл менің сәулелі адамдардың қатары көбейсе деген арманымнан”,-деген ақынның шығармашыл шәкірттері де келіп, ұстазының келе жатқан мерейтойымен құттықтап, арнау-өлеңдерін оқыды.

Поэзиялық кеш барысында ақынның иірімі терең философиялық ойлары, өлеңдері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, ақын өзінің “Жаратылыснама” атты философиялық еңбегіндегі “Жеті шеңбер” жайында баяндап, қазіргі таңда поэзия сүйер қауымның құтты мекеніне айналған, ақынның авторлық идеясымен салынған “Поэзия әлемі” аллеясына шақырды.

Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Исабаева Ләззат Нұрғалиқызы келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, өнерпаздарды Алматы кітапханаларының директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлының Алғыс хатымен мараппаттады.

Рухани жандардың басын қосқан бұл кеш баршамызға зор әсер қалдырды.

Гүлжайна Өскенбай,
Кітапхана қызметкері

 


Рекомендовать
Последние новости