Назарбаевпен байланысы бар түрік кәсіпкері әйеліне 1 бөлмелі пәтердің құнындай әшекей сыйлаған

Көркем Алдабергенова 15 февр. 2024 09:19 12806

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының бас директоры Энгин Асралан жұбайы Карина Асраланға Әулин Валантин күні құны шамамен 16 миллион теңге тұратын білезік сыйға тартқан, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ұлысмедиаға" сілтеп.

Бұл туралы Карина Асралан өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. “Love” деген атауы бар картьер білезігі екі қабат гауһар тастармен көмкерілген. Қазақстандағы Cartier дүкенінде оның бағасы 15 778 400 теңге деп көрсетілген.

I love you too Askim, – деп жазған Карина.  

Карина Асралан жариялаған суреттерге қарағанда ол бұл бренд әшекейлерін бұған дейін де алған. Отбасы Астанада элиталық көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. Түркиялық бизнесмен соңғы 10-15 жылдан бері Астанада. Жұбайы Карина Павлодар қаласының тумасы. Олардың бір ұл, бір қыздары бар. Былтыр Энгин мен Карина Ыстамбұлдан вилла сатып алғандарын бөлісті.


instagram.com/mrs.karina_a

Айта кету керек, "Хан Шатыр" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысы бар түрік кәсіпкері Феттах Таминженің компаниясына тиесілі.

Бүгінде ол ҚДБ-дан төмен пайызбен несие сұрап отыр және бірінші рет емес. Бұған дейін Таминже керамика және санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт құрылысына, сондай-ақ бес жұлдызды Rixos қонақ үйі мен Tetysblu ойын-сауық саябағының құрылысына мемлекет тарапынан қолдау алған.


Рекомендовать
Последние новости