Саясат Нұрбек диплом сатып алғысы келетіндерге ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 14 февр. 2024 13:08 4043

Министр Саясат Нұрбек оқу орындарында диплом сатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мұндай деректер көбейіп барады. Тіпті депутаттар да дипломды сатып алуға тырысады. Мұндай құжаттарды сатып алғандарға ескерту жасағым келеді, Қылмыстық кодексте жалған құжаттарды пайдалануды реттейтін жеке бап бар.

Егер адам оны сатып алып, жалған екенін біле тұра, жұмысқа орналасуға және ресми құжат ретінде ұсынуға тырысса, 40 күнге қамалады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады", - деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, қазір Ішкі істер министрлігімен жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Біз осы деректердің барлығын тексеру үшін ІІМ-ге хат жолдадық. Интернет платформалар, хабарландырулар арқылы жалған құжаттарды сататын адамдар бойынша жеке жұмыс жоспары болады", - деді ведомство басшысы.

Министр жалған дипломды қазіргі дипломнан қалай ажыратуға болатынын да түсіндірді. Әрбір құжатта бірегей ЖСН және QR-код болады. Бұл арқылы деректі жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының порталына енгізуге және дипломның сол жерде тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруге болады.


Рекомендовать
Последние новости