Мұнайдың бір баррелі 40 долларға дейін арзандауы мүмкін - Goldman Sachs

Кәмшат Тілеухан 09 апр. 2025 10:06 425

АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы одан сайын ушыға түсуде. Инвесторлар бүгін юань девальвацияға ұшырауы мүмкін деп болжайды. Осындай жаһандық турбуленттілік жағдайында мұнай бағасы құлдырауын жалғастыруда. Күні кеше 70-тен 65 долларға түскен Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің халықаралық қор биржасындағы Астана уақыты бойынша сағат 9:10-дағы бағасы 60,38 долларды көрсетіп тұр. Сонда Трамп айтқандай, "қара алтын" бағасы 40 долларға дейін шынымен де төмендеуі мүмкін бе?  Бұл ретте Dalanews.kz Goldman Sachs болжамын өз назарларыңызға ұсынады.

Америкадағы ірі инвестициялық банк 2026 жылы да мұнай бағамының төмендеу ықтималдылығы жоғары екенін болжайды.

"Оған АҚШ-тағы рецессия мен ОПЕК+ ұйымының шектеулі мұнай өндірісі тәсілінен бас тартуы себеп. Бір баррель құны 40 доллар тақтатас мұнай өндірісі қарқын алғанда бағдарға алынатын төменгі шек бола алады",  делінген хабарламада.

Goldman Sachs-тың Brent/WTI маркалы мұнай бағалары бойынша алдыңғы кезеңге жасаған болжамы арзандау әлі доғармайтынын аңғартады:

  • егер АҚШ-тағы рецессия қатты күш алмай, қалыпты жағдайда өтсе, Brent мұнайының бір баррелі 2025 жылы 58 долларға дейін, ал 2026 жылы 50 долларға дейін арзандауы мүмкін.
  • ғаламдық экономиканың баяулауы аясында ОПЕК+ қазіргі ұстанған саясатын өзгертпесе, баға 54/45 доллар болады.
  • тұрақты экономикалық жағдайда ОПЕК+ тәулігіне 2,2 млн баррель өндірісі талабын ұстанса да баға 53/45 доллар аралығын қамуы мүмкін.
  • аралас сценарий – ғаламдық экономиканың баяулауы + мұнай өндірісі шектеулерін елемеу негатив жағдай тудыруы ықтимал: 2025 жылы – 46 доллар, 2026 жылы – 40 доллар.

"Ал,тіпті күтпеген қатерлі жағдайлар туындағанда да Brent маркалы мұнай бағасының 40 доллардан әрі төмендеу ықтималдылығы мүмкін емес", делінеді  Goldman Sachs болжамында.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мұнай бағасына қатысты болжамын жазғанбыз. Сондай-ақ "Алтын қымбаттап, мұнай арзандап жатыр". Трамп пен арабтар шынымен де тізе қосты ма?" деген сайтымыздағы мақаланы оқи отырыңыздар.

Жалпы, мұнай бағасының құлдырауы елімізде теңгенің де қатты құнсыздануына түрткі болуда.


Рекомендовать
Последние новости