Moody’s Kaspi Bank рейтингтерін көтерді

Dalanews 26 июл. 2021 05:11 668

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank рейтингтерін көтерді


Ұлттық және шетелдік валютадағы депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі  Ba2-дан Ba1-ға дейін көтерілді. Контрагенттің ұзақмерзімді тәуекел рейтингі Ba2-дан Ba1-ға дейін көтерілді.


Халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтердің болжамдары және эмитенттің жалпы болжамдары «Позитивтен» «Тұрақты» болып өзгертілді.


Moody's сарапшылары Kaspi Bank рейтингтерінің көтерілуі операциялық ортаға қолайсыз 2020 жылы жоғары қаржылық көрсеткіштер мен  тұрақты екенін көрсетеді деп атап өтті. 2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында кірістілік тұрақты болып, өтімділік жастығы күшейтілді және Kaspi активтерінің сапасы жақсарды.


Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және тең негізін қалаушы:


"Рейтингтің өсуі - бұл біздің бизнесіміздің жоғары сапасының және үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жұмыс принциптерінің тағы бір мойындалуы. Біз сүйікті клиенттеріміз үшін инновациялық қызметтерді құруды және іске қосуды жалғастырамыз.


Мысалы, біз маусымда пойыз билеттерін Kaspi.kz супер қосымшасында онлайн сатып алу мүмкіндігін іске қостық.



Біз қазақстандықтарды әрқайсымыздың өмірімізді жақсартатын жаңа қызметтермен таңдандыратын боламыз. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!"


Moody's сондай-ақ банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін A1.kz-тен Aa3.kz-ке, ал ұлттық контрагенттің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін - Aa.kz-ке Aa2.kz деңгейіне көтерді.


Депозиттердің қысқа мерзімді рейтингі және Not Prime деңгейіндегі қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингі және Not Prime (cr) деңгейіндегі қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингі расталды.


Рекомендовать
Последние новости