"Мынаны айтпа" деді". Байжанов бар шындықты айтатынын жеткізді

Көркем Алдабергенова 11 апр. 2024 15:43 5996

Бақытжан Байжанов алғашқы күндері не үшін басқаша айғақтар бергенін түсіндірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байжановтың сөзінше, бастапқыда ол қорқып тұрған. 

"Ал екінші рет мені ұстаған кезде менде адвокат болды. Сол адвокат маған "мынаны айтпа, мынаны айтпа" деді. Сосын желтоқсан айында ол адвокат Бишімбаевтың адвокаттарымен араласып жүргенін түсіндім. Сол үшін ол адвокатты алып тастадым. 

Одан бөлек, менің айтып жатқанымның бәрі шындық. Сотталсам сотталып кетейін, бірақ мен шындықты айтамын", - дейді Бақытжан Байжанов.

Айта кетейік,Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Бұған дейін Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасаған болатын. Байжанов қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін айтты. Ол Салтанат мейрамханаға бұрын да жиі келгенін айтады. Байжанов гастроорталықта 2022 жылдан бері директор қызметін атқарған. 

Артынша Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бишімбаевтың туысы әрі екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов оқиға болған түн туралы тағы бір деректі айтты. 

Бұған дейін сот отырысында Бақытжан Байжановтың адвокаты сотқа өтініш жасаған болатын. Оның сөзінше, Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін айтты.

"Бишімбаевты Байжановтан алыс отырғызу қажет. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында кикілжің болып жатыр. Тым құрығанда ертеңгі отырыста Қуандықтан аулақ отырса болар еді", - деді Байжановтың адвокаты.

Кейін мұны Бишімбаевтың інісі Байжановтың өзі де растады.

"Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр", - деді Байжанов. 


Рекомендовать
Последние новости