Мемлекеттік стратегия жоқ. Ұлттық мүддені қорғай алмай отырмыз – Тоқаев

Dalanews 18 нояб. 2021 13:27 867

Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесі көрші елдердің нарығында ойдағыдай қорғалмай отыр. Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тоқаев сыртқы саясатты халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына сай жүргізу керек екенін атап өтті.

"Қазір Қазақстанның сыртқа бағытталған жұмысында біртұтас, жалпы мемлекеттік стратегия жоқ деуге болады. Бұл жүйелі сипаттағы мәселе", – деді мемлекет басшысы.

Ол сыртқы істер министрі үкіметте ерекше мәртебеге ие болып, премьер-министрдің орынбасары деңгейіне көтерілгенін еске салды. Осыған орай сыртқы істер министрлігі тығыз мекемеаралық үйлестіру жұмысын атқаруы керек, деп толықтырды Тоқаев.

"Мемлекеттік аппарат ішіндегі байланыс, өзара ықпалдастық әлсіз. Жекелеген мекемелердің мүддесіне басымдық беріліп жатады. Бұл біраздан бері жалғасып келе жатқан теріс үрдіс. Соның кесірінен елеулі кемшіліктер болып жатады. Оған қоса, ұлттық мүддені қорғайтын кезде тиімді жұмыс атқарылмайды.

Мысалы қазір Жайық өзені тартылып барады. Қазақстанға жолданған жүк Қытай шекарасында тұрып қалды. Біздің кәсіпкерлердің көрші елдер нарығындағы мүддесі ойдағыдай қорғалмай отыр", – деді президент.

Айтуынша, осындай келеңсіздіктер халықтың тұрмыс сапасына және көңіл күйіне кері әсер етеді.

Рекомендовать
Последние новости