Мемлекеттік құпияларды жария еткен агенттік қызметкері сотталды

Сағыныш Сардарова 04 июн. 2024 16:54 2247

ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша К.-ны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі саналады.

Үкім заңды күшіне енді.  

 

 


Рекомендовать
Последние новости