Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып тағайындалды

Сағыныш Сардарова 03 июн. 2024 10:29 3157

Назарбаевтардың бұрынғы құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Боранбаев әлеуметтік желіде бұл қызметке Паралимпиада федерациясы өкілдерінің бірауыздан шешімімен сайланғанын жазды. 

"Бұл - мен үшін өте маңызды лауазым. Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асырып жатырмыз. Кейінгі жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарларымыз көп. Соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға көңіл бөлетін, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін ел ретінде беделін одан әрі нығайтады", - деді Боранбаев.

Сондай-ақ, кәсіпкер қазір Париждегі Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатқанын, көп спортшы лицензия алуы үшін параспорттаушыларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

"Жыл соңына қарай жазғы спорт түрлері бойынша дайындық мүмкіндігін кеңейту үшін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысын бастаймыз. Параспорттың қысқы түрлерін дамыту үшін "Тарлан" инклюзивті мұз айдынын қайта құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба қысқы Паралимпиадаға дайындалу үшін маңызды. Сондай-ақ, спорт инфрақұрылымын дамыту және паралимпиадашыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіске жетуі үшін заманауи тренажерларды сатып алу бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Кәсіпкер Ұлттық паралимпиада комитетін 2015 жылдан бастап басқарады.

 


Рекомендовать
Последние новости