Үкімет басшысы Сапаровқа Дайрабаевпен кездесуді тапсырды

Қаракөз Амантай 28 мая 2024 12:08 3764

Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевпен кездесуді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасап, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлегенін жеткізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының баяндамасын тыңдаған Олжас Бектенов күні кеше мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевпен кездесіп, ауыл шаруашылығына байланысты негізгі мәселелерді талқылағанын сөз етті. 

“Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеясы бар. Айдарбек Сейпілұлы (ауыл шаруашылығы министрі), депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек”, -  деді  ол үкімет отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Рекомендовать
Последние новости