Алматыдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгере ме?

Сағыныш Сардарова 23 мая 2024 17:57 3661

Алматы қаласы мәслихаты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл мен тұңғыш президент атындағы саябақ атауын өзгертуді жоспарламайды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Мәслихаттың "Власть" сұрауына берген жауабында айтылған.

Бұл ретте Мәслихатта көшелерді немесе нысандарды қайта атау туралы мәселені қарау үшін қолданыстағы заңнамада қажет өтініштер саны белгіленбегені нақтыланған.

"Өткен аптада Алматы мәслихаты әнші Ермек Серкебаевтың, композитор Ескендір Хасанғалиевтің, актерлер Юрий Померанцевтің және Владимир Толоконниковтің құрметіне кейбір көшелердің атын өзгерту жоспарланып отырғанын хабарлады. Мәслихатта тиісті өтініштер қала тұрғындарынан келіп түскені айтылған", - деп жазылған басылым мәліметінде.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қоғам белсенділері Назарбаев даңғылын өзгертіп, оған Қаңтар атауын беруді ұсынды. Мұндай талап алғаш рет 2022 жылғы 13 ақпанда Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алу акциясында айтылды. 

Айта кетейік, 2017 жылғы қарашаның соңында Алматы қаласы мәслихатының сессиясы барысында депутаттар Алматының басты көшелерінің бірі Фурманов көшесін Назарбаев даңғылы деп атауға келісті. Шешім "мегаполис тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып" қабылданғаны да айтылған еді.


Рекомендовать
Последние новости